Париж маңында жүздеген гектар тарихи орман өртенді: билік қасақана өрт қойылуы мүмкін деп күдіктенеді
Өрт Францияның ең танымал корольдік сарайларының бірі орналасқан Фонтенбло маңындағы автомагистраль бойында тұтанды. Билік өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші мен авиацияны жұмылдырды.
???? ФОНТЕНБЛОДАҒЫ ШУБірнеше ошақта өрттің әдейі қойылуына қатысты тергеу басталды.Фонтенбло орманында, сарайдан 1 шақырым жерде екінші өрт ошағы шықты (Fer à Cheval-дан түсірілген видео). Олар "аптап ыстық" кезінде Иль-де-Франстың "тынысын" өртеп жатыр. Масқара.… pic.twitter.com/3ewmUGu9Is
— SPIRITFIT (@SpiriTfitT) 13 шілде, 2026
Полицейлер Парижді Лионмен және елдің оңтүстігімен байланыстыратын автомагистральды жауып тастады.
Үлкен Париж ауданында өртті оқшаулау үшін алғаш рет авиацияны тарту қажет болған. Canadair су төгетін ұшақтары Сена өзенінің үстінен ұшып өтіп, бактарын үнемі толтырып отырған.
Билікке 800-ге жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялауға тура келген.
Францияның өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, 800 гектар орман күлге айналды.Ішкі істер министрі Лоран Нуньес өрттің мән-жайы күмән тудыратынын мәлімдеді.
"1000 метр радиуста өрт басталған он шақты нүкте болды, бұл оның әдейі қойылған болуы мүмкін екенін болжауға негіз болады", - деді ол.
Дүйсенбі күні кешке Нуньес Фонтенблодағы өртке қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлады.
Франция билігінің бағалауынша, биыл шамамен 32 000 гектар жер өртенген - бұл бүкіл 2025 жылғы көрсеткіштен көп.
Батыс Еуропада жаз басталғалы үшінші аптап ыстық толқыны соғып жатыр, ал кеуіп кеткен өсімдіктер мен жоғары температура Пиреней түбегінен Францияға дейінгі аумақта өрттің өршуіне себеп болып отыр.
Бұған дейін өткен түнде құтқарушылар Ақмола облысында құрғақ шөптің үш рет тұтануын жойғанын хабарлаған болатынбыз.
