Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Рақмет, Конор“: Холлоуэй UFC турниріндегі Макгрегордың сәтсіздігі туралы пікір білдірді

0
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы экс-чемпионы және BMF белбеуінің бұрынғы иегері Макс Холлоуэй жекпе-жектен кейін промоушен жұлдызы Конор Макгрегорға үндеу жасады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Конор Макгрегор октагонға сәтсіз оралғаннан кейін оның қарсыласы Макс Холлоуэй әлеуметтік желіде оған арнап жазба жариялады.
Гавайлық спортшы ирландиялыққа жекпе-жек үшін алғыс айтып, тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Бұл біз күткен нәтиже емес, бірақ Құдайдың жоспары әрқашан дұрыс. Конор, осы айқас үшін рақмет. Кейінгі бірнеше жылдағы қиындықтардан кейін октагонға шығу үлкен күш-жігерді талап етті. Саған тезірек сауығып кетуіңді тілеймін, дұғадамын. Отбасыма, командама, достарыма және мені қолдағандардың бәріне ерекше алғыс айтамын. Өміріміз қандай ғажайып десеңші. Келесі кездескенше", - деп жазды Холлоуэй.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Макс Холлоуэйдің (@blessedmma) жариялауы


Макгрегордың тарихи турнирдегі сәтсіздігі
Еске сала кетейік, UFC 329 турнирі аңызға айналған Конор Макгрегордың оралуымен ерекшеленуі тиіс еді, алайда жанкүйерлердің күткені мен қалауына қарамастан, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Конор екі рет аяқпен соққы жасап, құлап түсті. Кейін бойын түзеп, қос соққы (двойка) жұмсады да, тағы да құлады. Екінші рет тұрғаннан кейін Макгрегор қатты ақсай бастады, содан соң рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Нәтижесінде Макс Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

КОНОР МАКГРЕГОРДЫҢ ОРАЛУЫ 69 СЕКУНДҚА СОЗЫЛДЫМакгрегор 5 жылдық үзілістен кейін UFC-ге оралып, жекпе-жек нағыз қызған тұста тізесін жарақаттап алды. Рефери кездесуді дереу тоқтатты, Макс Холлоуэй техникалық нокаутпен (TKO) жеңіске жетті.- Бүкіл жекпе-жек 69 секундқа созылды- Макгрегор бір соққы жұмсады... https://t.co/waGOsp1s08 pic.twitter.com/Jeay01J5m0
— BuBBliK (@k1rallik) 12 шілде, 2026 жыл
Кейінірек түрлі дереккөздерден Макгрегордың тізе буынының айқас байламдары үзілгені немесе зақымдалғаны туралы ақпарат тарай бастады.

Конор Макгрегор осыдан бес жыл бұрынғы жекпе-жегінде сол аяғын жарақаттаған болатын. Бүгін ол оң тізесінен жарақат алып, жеңіліс тапты. pic.twitter.com/GCvBFvTfOx
— ESPN MMA (@espnmma) 12 шілде, 2026 жыл
Конор Макгрегордың 5 жылдағы алғашқы жекпе-жегі
Еске сала кетейік, атақты ирландиялық файтер UFC 264 турнирінен кейін тура 5 жыл бойы октагонға шықпаған болатын.
Сол кезде оған қарсы ымырасыз қарсыласы, америкалық Дастин Порье шыққан еді, ол кезде Конор екеуінің есебі 1:1 болатын.
Трилогия шулы әрі тартысты болады деп күтілген, бірақ жұлдызды ирландиялық бұл жекпе-жектегідей бірінші раундта-ақ аяғын жарақаттап алып, айқасты жалғастыра алмады.
Нәтижесінде оған техникалық жеңіліс есептеліп, Порье трилогияның жеңімпазы атанды.

Бұған дейін UFC жұлдызы, промоушеннің бұрынғы қос дүркін чемпионы - Конор Макгрегор октагонға сәтсіз оралғаннан кейін мәлімдеме жасады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net