Добавить новость
123ru.net
World News
Июль
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақмола облысындағы лагерьде балалар уланды: дәрігерлер олардың жағдайына қатысты пікір білдірді

0

1 шілдеде Көкшетаудың көпбейінді облыстық балалар ауруханасына тамақтан улану белгілері бар төрт бала жеткізілді. Олар инфекциялық бөлімшеге жатқызылды, ал полиция жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға 8 бен 12 жас аралығындағы балалар түскен. Оларда тамақтан улану белгілері - құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту байқалған.
"Жетінші арнаның" хабарлауынша, балаларды түн ортасында сауықтыру лагерінен ауруханаға жеткізе бастаған.

"Пациенттер инфекциялық бөлімшеге жатқызылып, қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Оларға алғашқы медициналық көмек Біржан сал ауданында көрсетілді. Бүгінде барлық баланың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, денсаулық жағдайының жақсаруы мен оң динамика байқалады", - деп хабарлады Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер бактериологиялық зерттеу нәтижелерін күтіп отыр.

"Жағдайларының жақсаруына қарай, балалардың тамақтану режимі емдеуші дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр", - деп атап өтті ведомство.

Облыстық полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Маңғыстау облысында балалардың жаппай улануының бірнеше оқиғасы болған.
Былтыр қыркүйекте Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының №8 мектебінде 1-4 сынып аралығындағы 466 оқушы жаппай уланды. 98 бала ауруханаға жатқызылып, екеуі жансақтау бөліміне түскен. Кейін барлық бала ауруханадан шығарылды.
Оқиғадан кейін мамандар тексеріс жүргізіп, өрескел санитарлық заңбузушылықтар анықталды. Азық-түлік өнімдерінен патогенді бактериялар табылып, алынған жағындылардың 20 пайызы ішек таяқшаларының бар екенін көрсетті. Асхананың алты қызметкерінен стафилококк анықталса, бір қызметкер дизентерия тасымалдаушысы болып шықты. Төрт жұмысшы жалған медициналық тексеруден өткен.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net