Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
26
27
28
29
30

Футбол аңызы африкалық құрама туралы айтқан сөзінен кейін дауға қалды

0
"Бавария", "Манчестер Юнайтед" клубтарының және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер Әлем чемпионаты кезінде Кот-д’Ивуар құрамасы туралы айтқан пікірі үшін нәсілшілдікке қатысты айыпталды, деп хабарлайды Tengri Sport.
41 жастағы неміс ойыншысы Германия - Кот-д’Ивуар матчі алдында сарапшы ретінде пікір білдіріп, "африкалық футболға тән" деп бірнеше рет айтты. Оның бұл сөздері әлеуметтік желілерде теріс пікірлердің толқынын тудырды.

"Мұнда африкалық футболдың өзіндік ерекшелігі бар: ол кейде біршама стандартты емес, стихиялы және қатаң тактикаға бағына бермеуі мүмкін. Біз алаңдағы жағдайдың кейде болжап болмайтын сипат алуына дайын болуымыз керек", - деді Бастиан.

Көпшілік бұл мәлімдемені Африка елдеріндегі футбол туралы стереотипті қолдау ретінде қабылдады.

"Бұл пікір ескі стереотипті қайталайды: африкалық командалар тек физикалық күш пен импровизацияға сүйеніп ойнайды, ал тактикалық пайым, ұйымдасқандық пен тәртіп еуропалық құрамаларға тән қасиет деп саналады";"Жыл сайын африкалық футбол туралы оның еуропалық футболдан жарық жылдарындай артта қалғандай айтқысы келетін бір шетелдік табылады. Ең сорақысы, бұл ешқашан тактикалық сын емес; әңгіме әрдайым "жабайы", "қарабайыр", "күшке негізделген" деген сияқты бір сарынды теңеулерге тіреледі. Бұл шаршатты";"Олар нәсілшілдік отаршылдық көзқарастан арыла алмайды. Сене алар емеспін";"Оның пікірі шынымен де нәсілшілдік сипатта және қорлайтындай: ол "интеллектіні" үнемі еуропалық және әлемнің жетекші құрамаларына телиді де, африкалық құрамаларды "қарабайыр", "епсіз" және "тактикалық интеллектісі жоқ" деп атайды. Бұл оның жасанды платина түсті шашы сияқты жаман көрінеді", - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Бастианның өзі де, ол пікір білдірген телеарна да бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Экс-ойыншы Бастиан Швайнштайгер Кот-д’Ивуар туралы пікірлерінде НӘСІЛШІЛДІК жасады деп айыпталуда.Келесі қарсылас туралы айта келе, Швайнштайгер тактикаға бағынбайтын, "бейберекет", "жабайы" африкалық футболды күтетінін айтты.Бұл мәлімдеме... назар аудартады pic.twitter.com/bQrrAVgfu4
— Ponta de Lança (@pontalancapdl) June 24, 2026
Дауға Юрген Клоппты да тартпақ болды
Швайнштайгердің өзі жағдайға қатысты пікір білдірмей отырғанда, журналистер неміс футболының тағы бір танымал өкілі "Ливерпульдің" бұрынғы бапкері Юрген Клопптан сұрап көрмек болды. Бапкер арандатушылық сұраққа шорт кесті.

"Енді сіздер бұл тақырыпты жалғастырғыларыңыз келе ме! Жоқ, жоқ, менің бұл сұраққа жауап беруге мүмкіндігім жоқ. Бұл бәріне ұнайды, сондықтан сіздер мені бұл жағдайға тартып отырсыздар. Бәріне бірдей ұнауға тырысу менің міндетіме кірмейді, бірақ бұл күрделі тақырып, мен тіпті не айту орынды екенін де білмеймін", - деді бапкер журналистің сұрағын бөліп жіберіп.


???? Юрген Клопп DW журналисі әлем чемпионатындағы әріптес сарапшы Бастиан Швайнштайгердің пікірі туралы сұрағаннан кейін сұхбатты тоқтатып, кетіп қалды. Швайнштайгер Германияның қарсыласы Кот-д’Ивуарға ???????? талдау жасау кезінде нәсілшілдік стереотиптерді қолданды деп айыпталды. pic.twitter.com/BOcG3aANmk
— DW Sports (@dw_sports) June 24, 2026
Айта кетейік, Германия - Кот-д’Ивуар матчі неміс командасы үшін оңай болған жоқ. Ивуарлықтар 30-шы минуттан 68-ші минутқа дейін есепте алда тұрды, ал немістер жеңіс голын тек 94-ші минутта соқты.
ӘЧ-2026-дағы Африка құрамалары
2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден 10 африкалық команда қатысып жатқан турнир болды. Топтық кезең үшінші турының басталуына қарсаңында олардың ішінен біреуі - Тунис құрамасы плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.
Салыстырмалы түрде алсақ, Еуропадан келген екі команда – Түркия мен Чехия топтан шығу мүмкіндігін жоғалтып үлгерді.
Сонымен қатар Африка құрлығының өкілдері Марокко мен ОАР командалары плей-оффқа шығып қойды. Ал Мысыр мен Гана командаларының өз топтарында жеңіске жетіп, 1/16 финалға бірінші орында шығуға үлкен мүмкіндігі бар.
Әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің алғашқы жұбы белгілі болды





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net