Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30

Ұлттық банк БЖЗҚ-ға көбірек еркіндік берді: бұл салымшылар үшін нені білдіреді?

0

Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жаңа инвестициялық декларациясын бекітті, делінген реттеуші сайтындағы хабарламада. Жаңартылған тәсіл қазақстандықтардың жинақтарын инвестициялау кезінде кірістілікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Инвестициялаудың нұсқалары көбірек

Инвестициялық декларацияға енгізілген өзгерістер БЖЗҚ мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның портфелін әртараптандыруы тиіс, бұл ретте Ұлттық банк теңгерімді деп айқындайтын тәуекелдің бұрынғы деңгейін сақтап қалуы керек.

Анықтама. Портфельді әртараптандыру - тәуекелдерді азайту үшін ақшаны көптеген инвестициялау объектісі арасында бөлу. Әртараптандырудың классикалық қағидасы - "жұмыртқаның бәрін бір себетке салмау керек".

Декларацияда БЖЗҚ-ға инвестициялауға рұқсат етілген активтердің жаңа санаты - "балама құралдар" пайда болды. Зейнетақы ақшасын жеке капиталға (биржада сатылмайтын компаниялардың акциялары), хедж-қорлардың пайларына, жылжымайтын мүлікке, инфрақұрылымдық облигацияларға салуға болады. Табыс табудың тағы бір жаңа жолы - бағалы қағаздарды кепілге қарызға беру.

Анықтама. Хедж-қорлар - мемлекет тарапынан әдеттегі реттеуге жатпайтын арнайы қорлар. Олар инвесторлар ақшасын көбірек табыс әкелетін неғұрлым тәуекелді активтерге салуға мүмкіндік алады.

Бұл ретте әзірге ауқымды өзгерістер туралы айтылып отырған жоқ, БЖЗҚ портфеліндегі балама құралдардың жалпы құны валюталық портфельдің 10 пайызынан аспауы тиіс.

Қазақстандықтар мен олардың зейнетақылары үшін не өзгереді?

Реттеуші өзгерістер есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыруды көздеп отыр, бірақ нәтижені ұзақ мерзімді перспективада күту керектігін атап өтті. БЖЗҚ бұрын қолжетімсіз болған құралдарға инвестиция сала алады және сәтті жағдай қалыптасса, олардан көбірек табыс табуға болады. Демек, БЖЗҚ салымшылары да инвестициялық табыс түрінде шоттарына көбірек ақша алады. Ұлттық банк мәліметінше, тәуекел деңгейі бұрынғыша қалуы тиіс.

Айта кетейік, заң бойынша БЖЗҚ-ның кез келген салымшысы өз жинақтарының жартысына дейінгі бөлігін жеке басқарушыға аудара алады. Әзірге бұл қазақстандықтар арасында аса танымал құрал емес - БЖЗҚ агенті болып отырған Ұлттық банк басқаруында 26,4 триллион теңге болса, алты жеке қатысушы басқаруында жалпы сомасы 110 миллиард теңге бар.

Алғашқы бес айда Ұлттық банк басқаруындағы инвестициялардың кірістілігі 3,04 пайызды құрады, ал қаңтар-мамыр аралығында жиынтық инфляция 4,2 пайызға тең болды. Бұл ретте мемлекет зейнетақы жинақтарының инфляцияны ескере отырып сақталуына кепілдік беретінін білу маңызды. Егер зейнетке шығу кезінде кірістілік бағаның өсу деңгейінен төмен болса, айырмашылық бюджеттен өтеледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар зейнетақы шоттарынан “минусты“ байқады. Ұлттық банк мән-жайды түсіндірді






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net