Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

ІІМ басшысы “штрафстан“ туралы сұраққа жауап берді

0

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елімізді "штрафстан" деп атайтындарға жауап берді. Бұл туралы одан министрліктің ресми сайтында жарияланған сұхбат барысында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сәденовтің айтуынша, бүкіл әлемде айыппұл санкциялары тәртіп орнатудың тиімді құралы саналады, ал кез келген жазалау тәжірибесінің басты мақсаты - құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік үшін жағдай жасау.

"Өкінішке қарай, кейбір азаматтар "жаман" әрекеттің не екенін тек қалтасына салмақ түскенде ғана түсінеді", - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Министр айыппұлдар заңға бағынғандарға жазылмайтынын мәлімдеді: оны ережелерді саналы түрде бұзатындар алады және олардың қателіктері басқаларға сабақ болуы тиіс.

"Әрбір адам бала кезінен мұндай әрекеттер заңға бағынатын азаматқа жат екенін түсінуі керек. Ұлытау облысындағыдай балалардың стадиондағы орындықтарды қиратуы немесе Астанадағыдай саябақтарды өртеуі - мүлдем жол берілмейтін нәрсе. Ал ересектерге үлгі болатын тағы бір жағдай - Атырау облысында кішкентай баланың үлкендерден кейін қоқыс жинап жүргені. Міне, тәртіптің қадірін түсінетін өскелең ұрпақ осы", - деді Ержан Сәденов.

ІІМ басшысы адам заң бойынша өмір сүргенде, оның қорқатын немесе ақталатын ештеңесі болмайтынын айтты.

""Не істеріңді білмесең, заң бойынша әрекет ет" деп тегін айтылмаған ғой", - деп толықтырды ол.

Мән-жайы
2024 жылғы 4 желтоқсанда Мәжіліс екінші оқылымда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады. "Ақ жол" партиясының лидері Азат Перуашев бұл құжатқа қарсы шығып, елді "штрафстан" деп атаған болатын.
2025 жылғы 28 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға өз азаматтарының айдар тағып жүргенін сынға алды.

"Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мәжбүрлеу шараларынсыз тәртіпке қол жеткізу мүмкін емес, сондықтан мемлекеттің іс-қимылына түсіністікпен қарау керек. Мұнда диалог арқылы қоғамдық келісім болуы тиіс. Қалай болғанда да, мемлекеттің заңды тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралары өз еліне айдар тағуға себеп болмауы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Келесі күні Азат Перуашев "штрафстан" деген тіркесінің сәтсіз болғанын көпшілік алдында мойындады.
Жақында Мемлекет басшысы елді "штрафстан" деп атайтын депутаттар туралы тағы да қатаң пікір білдірді. Бұл Алатау қаласын дамытуға арналған кеңес барысында болды.
"Кейбір елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді "Штрафстан", "Айыппұлстан" деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін. Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек. Сондықтан біз осы жолдан таймаймыз, батыл түрде "Заң мен тәртіп" саясатын жүргіземіз. Себебі бұл – халқымыздың талабы, халқымыздың сұранысы. Бүкіл қоғам да, әкімдер де бұл мәселеге баса назар аударуы керек", - деп қадап айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net