Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30

Премьер-министр шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанармай тапшылығына жол бермеу үшін қажет шаралар қабылдауды тапсырды

0

Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атап айтқанда, энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды.
Оның мәліметінше, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Елдегі бензин, дизель және авиация отынының қоры 1 миллион тоннадан асады.

"Басым тәртіппен мұнай өнімдерімен автожанар-жағармай бекеттері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ отандық авиатасымалдаушылар қамтамасыз етіледі. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды. ЖЖМ өндірісіне, жөнелтілуіне және қорына тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп отыр", - делінген Үкімет хабарламасында.

Сондай-ақ, кеңесте Қазақстаннан мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға жол бермеу шаралары талқыланды.
Қазір елде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автокөлікпен, сондай-ақ жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салатын энергетика министрлігінің бұйрығы күшінде.

"Автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген", - деп атап өтілді Үкімет хабарламасында.

Бұдан бөлек, кеңес барысында ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың баяндамалары тыңдалды.
Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:

шекаралардағы бақылауды күшейту және отын тапшылығына жол бермеу мен ел қажеттілігін мүлтіксіз қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау;
ҰҚК Шекара қызметіне Қаржы министрлігімен және Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп – мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемаларын анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз ету;
Энергетика министрлігіне – мұнай өнімдерінің өндірісі, қоры мен тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау бойынша дереу ұсыныстар енгізу.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net