Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Кабо-Верденің сенсациясы, Мессидің хет-тригі және Роналдудың сәтсіздігі: Әлем чемпионаты қалай басталды?

0

Бүгін, 18 маусымда АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бірінші туры аяқталды. Tengri Sport мундиалдың алғашқы кезеңіндегі басты оқиғаларды саралады.2026 жылғы әлем чемпионаты алғашқы матчтардан-ақ күтпеген нәтижелерге толы болды. Тур айтарлықтай "бейбіт" өтті деуге болады - ойындардың үштен бірі тең есеппен аяқталды. Әсіресе, турнир фавориттері саналатын Испания мен Португалияның тең ойнауы нағыз сенсацияға айналды.
Тур қаһарманы - Кабо-Верденің 40 жастағы қақпашысыИспания - Кабо-Верде матчінен кейін қақпашы Возиньяның есімі бүкіл әлемге танылды. 40 жастағы голкипер қазіргі Еуропа чемпиондарына қарсы ойында жеті соққыға тосқауыл қойып, матчтің үздік ойыншысы атанды және оның Instagram парақшасына 13 миллион жазылушы жинады.
Кездесудің 0:0 есебімен аяқталуы - португалиялық екінші лигада өнер көрсететін тәжірибелі қақпашының еңбегі, ал оның кенеттен келген танымалдылыққа қатысты матчтен кейінгі берген сұхбаты турнирдің ең жарқын сәттерінің біріне айналды.

Vozinha descobre em direto que ganhou mais de 1 milhão de seguidores ????????(арқылы @CazeTVOficial) pic.twitter.com/s5QatXCCuh- B24 (@B24PT) 15 маусым, 2026 жыл
Айтпақшы, Испания - Кабо-Верде матчі - 24 ойынның ішіндегі гол соғылмаған жалғыз кездесу. Турдың ең нәтижелі матчі Германияның Кюрасао құрамасын ойсырата жеңуі болды (7:1).
Мбаппе, Холанд және Месси сұрмергендер жарысын бірден бастап кетті1-турдың соңғы күндері өте нәтижелі болды. Францияның Сенегал қақпасына соққан үш голы, норвегиялықтардың Иракқа салған төрт голы және Мессидің Алжирмен ойындағы хет-тригі - өз топтарының фавориттерінен айтарлықтай екпінді старт.
"Реалдың" форварды Килиан Мбаппе алғашқы ойында дубль жасаған соң, әлем чемпионаттары тарихындағы қазіргі ойыншылар арасында ең үздік сұрмерген атанды - оның еншісінде үш мундиалда соғылған 14 гол бар.

Алайда француз бұл мәртебеде ұзақ тұра алмады. 38 жастағы Лионель Месси Алжирмен өткен матчтің 76 минутында үш гол соғып, Мбаппені басып озды. Ол әлем чемпионаттары тарихындағы үздіктер тізімінде бірінші орынға шықты: қазір Месси мен Клозенің еншісінде 16 голдан бар, ал алда Австрия мен Иорданияға қарсы ойындар күтіп тұр.

"Манчестер Ситидің" норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд әлемдік футболдағы үздік голеадорлардың бірі екенін тағы да дәлелдеді. Оның Ирак қақпасына жасаған дублі командасына турнирді 4:1 есебімен сенімді жеңіспен бастауға мүмкіндік берді.

Үшінші турда Мбаппе мен Холанд бетпе-бет келеді, бұл кездесуде топ жеңімпазы анықталуы мүмкін.ӘЧ-2026 үздік сұрмергендері

Лионель Месси (Аргентина) - 3 гол;
Килиан Мбаппе (Франция) - 2 гол;
Эрлинг Холанд (Норвегия) - 2 гол;
Ясин Айяри (Швеция) - 2 гол;
Фоларин Балогун (АҚШ) - 2 гол;
Харри Кейн (Англия) - 2 гол (1 пенальтиден);
Кай Хавертс (Германия) - 2 гол (1 пенальтиден).

Криштиану Роналду голсыз, ал Өзбекстан жеңіссіз қалдыСоңғы ойын күні көпшілік португалиялық Криштиану Роналду сұрмергендер жарысына қосылады деп күткен еді. Оның командасы Конгомен ойынды 6-минутта гол соғып бастап, сенімді жеңіске жететіндей көрінген.
Алайда африкалықтар ширақ қимылдап, екінші таймда есепті теңестіріп кетті. Роналду бірнеше гол соғатын мүмкіндікті пайдалана алмады.

Келесі ойында Криштиану Өзбекстан құрамасына гол соғуға тырысады. Өзбекстандықтар алғашқы матчте Колумбиядан 1:3 есебімен өкінішті жеңіліске ұшырады.
Конголықтар сияқты өзбекстандықтар да бірінші таймда гол жіберіп алып, екінші таймда есепті теңестірген еді, бірақ Луис Диас пен оның серіктестері қарсыластарын тағы екі мәрте қапы қалдырды.

ӘЧ-2026 бірінші турының барлық матчінің нәтижесі12 маусым

00:00 Мексика - ОАР - 2:0;07:00 Оңтүстік Корея - Чехия - 2:1.

13 маусым

Канада - Босния және Герцеговина - 1:1;
АҚШ - Парагвай - 4:1.

14 маусым

Катар - Швейцария - 1:1;
Бразилия - Марокко - 1:1;
Гаити - Шотландия - 0:1;
Австралия - Түркия - 2:0;
Германия - Кюрасао - 7:1.

15 маусым

Нидерланды - Жапония - 2:2;
Кот-д’Ивуар - Эквадор - 1:0;
Швеция - Тунис - 5:1;
Испания - Кабо-Верде - 0:0.

16 маусым

Бельгия - Мысыр - 1:1;
Сауд Арабиясы - Уругвай - 1:1;
Иран - Жаңа Зеландия - 2:2.

17 маусым

Франция - Сенегал - 3:1;
Ирак - Норвегия - 1:4;
Аргентина - Алжир - 3:0;
Австрия - Иордания - 3:1;
Португалия - Конго ДР - 1:1.

18 маусым

Англия - Хорватия - 4:2;
Гана - Панама - 1:0;Өзбекстан - Колумбия - 1:3.

Келесі тур бүгін басталады2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші туры 18 маусымда Чехия - ОАР матчімен басталады. Екі команданың да алғашқы ойындарда жеңілгенін ескерсек, бұл кездесуде турнирдің алғашқы сәтсіздікке ұшыраған командасы анықталуы мүмкін – жеңілген жақ топтан шығу мүмкіндігінен айырылады.
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі барлық матчтардың кестесін осы жерден қараңыз.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net