Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Неміс алпауыты Volkswagen-нің болашағы “бұлыңғыр“ - БАҚ

0

Volkswagen басшылығы концерннің қазіргі жағдайына қатты алаңдап отыр. Басқарма мүшелері мен бақылау кеңесі арасында жүргізілген ішкі анонимді сауалнама барысында топ-менеджерлерден компанияның қазіргі күйін бағалауын сұраған, деп хабарлайды Tengri Auto Manager Magazin басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, сауалнама қорытындысы көңіл көншітпейді: басқарманың тоғыз мүшесінің алтауы Volkswagen-нің болашағына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген. Тағы үшеуі жағдайды күрделі деп сипаттады.

Сауалнамаға қатысушылардың ешбірі концерннің жағдайы алаңдаушылық туғызбайды деген нұсқаны таңдамаған.

Volkswagen мәселесі

Volkswagen мәселелері кеше ғана басталған жоқ. Еуропаның ең ірі автоконцерні 2024 жылдың күзінде өз тарихында алғаш рет Германиядағы зауыттарын жабу туралы сөз қозғаған болатын. Ол кезде басшылық мұны Еуропа мен Қытайдағы сұраныстың төмендеуімен, сондай-ақ электрмобильдерге көшудің жоғары шығынымен түсіндірді.

Көп ұзамай концерн бас директоры Оливер Блюм дағдарыс тамыры тереңде жатқанын мойындады. Оның айтуынша, компанияда жылдар бойы құрылымдық мәселелер қордаланып қалған: "дизельдік даудан" кейін миллиардтаған еуро шығынға ұшырап, электрмобильдерді шығару мерзімі кешіктірілді, ал жеке бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге жұмсалған инвестициялар күткен нәтиже бермеді.

Зауыттардағы қысқарту мен тоқырау

Сатылымның төмендеуі аясында дағдарыс барған сайын айқын бола түсті. 2024 жылдың аяңында Германиядағы тұрақтарда жалпы құны 300 миллион еуродан асатын Audi мен Volkswagen-нің сатылмаған мыңдаған көлігі жиналып қалды.

Фото: Bild.de

Сонымен бірге компания шығынды азайтудың ауқымды бағдарламасын жариялады, бұл кейінгі онжылдықтағы ең ірі жұмысшылар наразылығына ұласты. Желтоқсанда Volkswagen-нің 100 мыңға жуық қызметкері зауыттарды жабу және жалақыны қысқарту жоспарына қарсы ереуілге шықты.

Фото: JULIAN STRATENSCHULTE/AFP

2025 жылдың басында концерн кәсіподақтардың шарттарын орындауға мәжбүр болды. Басшылық өз жалақыларын азайтуға келісіп, кәсіпорындарды дереу жабудан бас тартты. Дегенмен, қаржылық қиындықтар жойылған жоқ.

АҚШ-тың жаңа тарифтері

Volkswagen әлемдік сатылым төмендегенін хабарлады, кейін J.D. Power нұсқасы бойынша АҚШ-тағы автокөліктердің сенімділік рейтингінде соңғы орынға түсіп қалды. Неміс автоөнеркәсібіне сыртқы факторлар қосымша қысым көрсетті.

2025 жылдың көктемінде Volkswagen Американың жаңа тарифтеріне байланысты АҚШ-қа көлік жеткізуді уақытша тоқтатты. Жазда немістің "алпауыт үштігі" - Volkswagen, BMW және Mercedes-Benz өкілдері пайда күрт төмендегенін мәлімдеді.

Электрмобильдер нарығындағы Қытайдың қысымы

2025 жылдың күзінде Volkswagen сұраныстың әлсіздігі мен қытайлық өндірушілер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты Германиядағы зауыттарында электрмобильдер өндірісін тағы да қысқартуға мәжбүр болды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net