Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Жөндейтін түгі жоқ”: сарапшылар электрмобильдер мен гибридтер туралы басты мифті талдады

0

Көп адам әлі күнге дейін электрмобильге техникалық қызмет көрсету қажет емес, ал гибридті көлікті пайдалану міндетті түрде қымбатқа түседі деп сенеді. Іс жүзінде бұл екі тұжырым да шындықтан алыс.
Иә, электркарларда тозуға бейім бөлшектер расында аз, бірақ қызмет көрсетуден толық бас тарту мүмкін емес. Ал гибридтер ұзақ мерзімді перспективада дәстүрлі автокөліктерге қарағанда көбіне үнемді болып шығады.
Tengri Auto мәселенің мән-жайын анықтап, электрмобильдер мен гибридтерде іс жүзінде нені күтіп-ұстау керектігін, бұл қанша тұратынын және иелері неден сақтануы керектігін біліп көрді.
Электрмобильге техникалық қызмет көрсетудің қажеті жоқ екені рас па?
Электрмобильдер туралы басты миф өте қарапайым: "Жөндейтін түгі жоқ". Расында да, осындай көлік иелерінің көпшілігі іштен жану қозғалтқышымен бірге техникалық қызметке қатысты барлық мәселе де жойылады деп санайды - енді мотор майын, оталдыру шамдарын, белдіктерді, сүзгілерді және басқа да шығын материалдарын ауыстырудың қажеті жоқ.
Әрине, бұл белгілі бір дәрежеде солай. Алайда, іштен жану қозғалтқышының жоқтығы автомобильді қуаттап қана қойып, жылдар бойы қызмет көрсету орталығына бармауға болады дегенді білдірмейді. Электрмобильдің де тұрақты бақылау мен техникалық қызмет көрсетуді талап ететін өз жүйелері мен тораптары бар.
Электрмобильдер мен гибридтерге қызмет көрсету жөніндегі маман Дархан Қалтаевтың айтуынша, бұл шындыққа ішінара ғана сәйкес келеді.

"Иә, электркардың құрылымы әлдеқайда қарапайым. Мұнда іштен жану қозғалтқышындағыдай поршеньдер, оталдыру шамдары, газ тарату механизмінің белдіктері және жүздеген үйкелетін бөлшек жоқ. Бірақ бұл техникалық қызмет көрсетуді мәңгілік ұмытуға болады дегенді білдірмейді. Электрмобиль өзіндік тәсілді қажет ететін дөңгелекті жоғары технологиялы гаджет", - дейді Дархан Қалтаев.

Электркарларда да қарапайым автомобиль иелеріне таныс тораптар бар. Олар аспа, рульдік басқару, тежегіш жүйесі, салон сүзгісі және ерте ме, кеш пе тиісті назарды талап ететін салқындату жүйесі.
Бірақ мамандар ұмытпауға кеңес беретін ерекше тұстар да бар. Мәселе батареяның салқындатқыш сұйықтығы.

"Антифриз аккумулятордың салқындату жүйесі арқылы айналады. Оны регламент бойынша уақтылы ауыстыру батарея ресурсын сақтауға және бөлшектердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға көмектеседі", - деп түсіндіреді Дархан.

Электрмобильге техникалық қызмет көрсетуге не кіреді?
Заманауи электрмобильдерге стандартты техникалық қызмет көрсету әдетте мыналарды қамтиды:

жүру бөлігін тексеру;
жоғары вольтты жүйені диагностикалау;
түйіспелер мен қосқыштарды тексеру;
тарту батареясының күйін бағалау;
электронды жүйелерді компьютерлік диагностикалау;
салон сүзгісін ауыстыру;
тежегіш сұйықтығын ауыстыру;
редуктордағы майды ауыстыру (әдетте екі жылда бір рет).

Сонымен қатар мамандар жоғары вольтты батареяның да, автомобиль электроникасының жұмысына жауап беретін төмен вольтты аккумулятордың да күйін тұрақты бақылап отыруды ұсынады.
Видеодан кадр, Роман Масленников
Ал гибридтер ше?
Біздегі жолдарда көбейіп келе жатқан гибридтер сәл басқаша тәсілді қажет етеді. Бұл ретте иелерінің көптеген қаупі асыра сілтеген болып шығады.

"Гибридке қызмет көрсету - бұл екі еселенген бақылау. Бір жағынан, сізде әр 8–10 мың шақырым сайын май мен сүзгілерді ауыстыруды талап ететін іштен жану қозғалтқышы бар. Екінші жағынан, электрмобильдегідей жоғары вольтты жүйенің күйін қадағалап отыру қажет", - дейді маман.

Мысалы, қазіргі заманғы гибридтердің көбінде классикалық автоматты беріліс қорабының орнына редуктор қолданылады. Егер қарапайым автоматты беріліс қорабына қызмет көрсету кезінде шамамен сегіз литр май қажет болса, гибридтің редукторына әдетте 3,5 литрге жуық арнайы сұйықтық құйылады. Бұл техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Үнемдеудің тағы бір түрі - тежегіш жүйесі. Рекуперация арқасында электр қозғалтқышы автомобильді баяулатуға қатысады және энергияны батареяға қайтарады. Осының нәтижесінде тежегіш қалыптары мен дискілері әлдеқайда сирек қолданылады.
Маманның айтуынша, олардың ресурсы дәстүрлі автомобильдердегі ұқсас бөлшектерге қарағанда екі-үш есе жоғары болуы мүмкін.
Ең қымбат торап - батарея
Жоғары вольтты аккумулятор кез келген электрмобильдің ең қымбат бөлшегі болып қала береді. Маманның бағалауынша, бүгінде жаңа батарея құны автомобильдің өз бағасының 30-дан 50 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Ресми дилерлерден сатып алынған автомобильдер үшін тарту батареясына әдетте сегіз жылға дейін кепілдік беріледі. Сондықтан иелерінің көпшілігіне кепілдік мерзімі ішінде бұл мәселеге бола алаңдаудың қажеті жоқ.
Ресми емес жолмен әкелінген немесе қайталама нарықтан сатып алынған автокөлік иелері үшін жағдай басқаша болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өндірушінің кепілдігі мүлдем қолданылмайды немесе оның шарттары автокөліктің алғашқы сатылған еліне байланысты болады. Сондықтан ресми дилерлік тарихы жоқ электрмобильді сатып алмас бұрын мамандар батарея құнын, техникалық қолдаудың бар-жоғын және Қазақстанда кепілдік бойынша қызмет көрсету мүмкіндігін алдын ала нақтылауды ұсынады.
Фото: Елена Никитенко
Дөңгелек шығын материалы ма?
Электрмобильдерді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі дөңгелекке қатысты. Рекуперация тежегіш қалыптары мен дискілерінің ресурсын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бергенімен, электркарларда дөңгелекке түсетін салмақ көбіне жоғары болады.
Оған себеп - автокөлік салмағының үлкендігі және қозғалыстың алғашқы секундтарынан бастап қатты айналуы. Сондықтан мамандар электрмобиль иелеріне шиналардың жай-күйін жиі тексеріп, дөңгелектердің орнату бұрыштарын бақылап отыруды ұсынады.
Бұл ретте гибридтерде мұндай әсер әдетте әлсіз байқалады. Олар әдетте электрмобильдерден жеңілірек және агрессивті рекуперацияны сирек қолданады.
Шина өндірушілерінің бірқатар сынағы мен зерттеулеріне сәйкес, электрмобильдердегі шиналардың тозуы іштен жанатын қозғалтқышы бар ұқсас көліктерге қарағанда 10–30 пайыз жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген өндіруші конструкциясы күшейтілген және резеңке құрамы тозуға төзімді арнайы EV-шиналарын шығарады.

Қызмет көрсету қанша тұрады?
Техникалық қызмет көрсету құны автокөліктің моделіне және өндірушіге байланысты. Мысал ретінде маман танымал қалалық электр кроссоверлердің бірін келтірді: қалалық электрмобильді он жыл бойы пайдалану барысында жоспарлы қызмет көрсетуге жұмсалатын жалпы шығын шамамен 530 мың теңге болады. Бұл сомаға жол апатынан кейінгі ықтимал жөндеу жұмыстары немесе жоспардан тыс жұмыстар кірмейді.
Гибридтер мен электрмобильдер неге істен шығады?
Күрделі электроника электрмобильдер мен гибридтерді дәстүрлі көліктермен салыстырғанда сенімсіз етеді деген пікір бар. Көптеген әлеуетті сатып алушы жоғары вольтты жүйенің қымбатқа түсетін бұзылуынан, батареяның немесе электронды компоненттердің істен шығуынан қорқады, өйткені оларды жөндеу қомақты соманы талап етуі мүмкін деп есептейді.
Алайда мамандар іс жүзінде қазіргі заманғы электр және гибридті көліктердің көпшілігі жоғары сенімділік деңгейін көрсететінін атап өтеді. Сонымен қатар электрмобильдерде күрделі іштен жанатын қозғалтқыштың, көптеген механикалық түйіні бар беріліс қорабының және ілеспе жүйелердің жоқтығынан істен шығуы мүмкін тұстар аз болады.

"Электроника ақаудың туындауына сирек себеп болады. Гибридті және электр көліктердің заманауи электроникасы сенімділігі жағынан дәстүрлі машиналардан қалыс қалмайды. Көбінесе мәселе не жол апатынан кейін, не техникалық қызмет көрсету регламенттерін сақтамаудан туындайды", - дейді Дархан Қалтаев.

Сарапшының айтуынша, қымбатқа түсетін ақаудың көпшілігі дұрыс пайдаланбаумен немесе қызмет көрсетуге үнемдеуге тырысумен байланысты.
Видеодан кадр, Роман Масленников
Батареяның қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады?
Мамандар бірнеше қарапайым ережені сақтауды ұсынады:

өндіруші ұсыныстарын орындау;
техникалық қызмет көрсетуден уақтылы өту;
батарея қуатының ұзақ уақыт бойы тым төмен болуына жол бермеу;
аккумуляторды калибрлеуден өткізіп тұру.

Батареяны калибрлеу үшін тоқсанына бір рет автокөлікті қуаты әбден таусылғаннан кейін толық қуаттау ұсынылады. Электрмобильдер үшін бұл процедура алдында қуат деңгейі 5 пайыздан төмен, гибридтер үшін 20 пайыздан төмен болуы тиіс.
Әрине, күнделікті пайдалануда қажеттілік болмаса, батарея қуатының 20 пайыздан төмен түсуіне жол бермеген жөн.
Фото: Елена Никитенко
Қорытынды
Электрмобильдер іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерге қарағанда расында аз техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Дегенмен, қызмет көрсетуден толық бас тарту мүмкін емес: жоғары вольтты жүйені тұрақты диагностикалау, батареяның жай-күйін бақылау және регламенттерді сақтау міндетті болып қала береді.
Ал гибридтер бірден екі технологияның ерекшеліктерін біріктіреді. Бір жағынан, оларға іштен жанатын қозғалтқышты күту қажет болса, екінші жағынан электр бөлігін бақылау керек. Сонымен қатар көптеген шығын күткеннен төмен болып шығады, ал жекелеген тораптардың, мысалы, тежегіш жүйесінің ресурсы көбіне кәдімгі көліктердің көрсеткішінен асып түседі.
Тағы оқыңыз: Гибрид немесе электрмобиль: автокөлікке зақым келтірмей қалай сүйрету керек?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net