Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда бала аяусыз өлтірілген: жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

0

Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмыс жасады деген күдікті 13 жаста. Марқұмның туыстары оның кәмелетке толмауына байланысты жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
11 маусымда танымал әлеуметтік желілердің бірінде 12 жастағы баланың өлімі туралы ақпарат тарады. Баланың әпкесі қайғылы жағдайды жария етуге көмектесуді сұрап, жұртшылыққа жүгінді. Олардың басты қорқынышы - кінәлінің жазадан құтылып кету ықтималдығы.

"Кеше кешке 12 жастағы жиенімді өлтіріп кетті. 13 жастағы екі жасөспірім оған 9 рет пышақ салған. Олар жазалануы үшін оқиғаның қоғамда резонанс тудыруына көмектесіңіздер. Себебі біздің елде қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады! Баланы қайтара алмаймыз, ал олар тек шартты мерзім ала ма?" - деп жазды ол.

Отбасының айтуынша, олар әлі күнге дейін тергеу барысы туралы толық ақпарат алмаған. Туыстарының сөзінше, полиция ештеңе хабарламай отыр, ал тәркіленген бейнежазбаларды көрсетпейді.
Дәл осы себепті марқұмның жақындары іске тиісті деңгейде көңіл бөлінбей, кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қауіптенеді.

"Біз олар жазаланбай қала ма деп қорқамыз. Оларды құтқарып алады ма деп қауіптенеміз", - делінген жарияланымда.

Желі қолданушыларының кейбірі бұл жазбаға үн қосып, пікірлерде отбасына қолдау білдірді:

"Кәмелетке толмаған жас жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне ортақ болуы тиіс, мұндай іс-әрекеттер салдарсыз қалмауы керек. Жас мөлшері мұндай әрекеттерді ақтауға сылтау болмауы тиіс. Әркім өз ісіне жауап беруі керек! Әділдікті талап етеміз!"
"Адам өліміне, денсаулыққа әртүрлі дәрежедегі зиян келтіруге қатысты баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету қажет сияқты"
"Балалар да, олардың ата-аналары да ешқандай ерекшеліксіз ең қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс"

Полиция пікірі
Еске салсақ, бұған дейін Алматы Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Баспасөз қызметі қылмыс жасады деген күдікпен Алматының 13 жастағы тұрғыны, жәбірленушінің бұрынғы танысы ұсталғанын нақтылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасында жанжал туындап, салдарынан олардың бірі пышақ қолданған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net