Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Офицерлер бұдан былай қызметін “декретте өткере“ алмайды: Қорғаныс министрлігі ережелерді өзгертпек

0

Қазақстанда әскери кафедраны бітіргеннен кейін екі жылға шақырылған запастағы офицерлердің қызмет өткеру ережелері өзгереді. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат отырысында Мұстабеков кейінгі жылдары әскери қызметшілердің көбі әскерге шақырылғаннан кейін көп ұзамай бала күтіміне байланысты демалысқа шығып кететінін, соның салдарынан белгіленген қызмет мерзімін іс жүзінде өтемейтінін айтты.
Оның айтуынша, сөз әскери кафедрасы бар азаматтық жоғары оқу орындарын бітіріп, 24 ай мерзімге қызметке шақырылған ер офицерлер туралы болып отыр.

"Кейінгі жылдары бала күтіміне байланысты демалысқа шығу құқығын пайдаланатындар саны артып барады. Олар екі жылға шақырылады, бірақ көбіне қызметке келген соң рапорт жазып, декретке кетеді. Сондықтан бұл норманы енгізуді дұрыс деп санаймыз", - деді ол.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 2023 жылы бұл мүмкіндікті 16 адам пайдаланса, 2024 жылы олардың саны 67-ге, ал 2025 жылы 95 адамға дейін өскен. 2026 жылдың алғашқы бес айының өзінде 42 офицер бала күтіміне байланысты демалыста жүр.
Министр орынбасарының сөзінше, қазіргі уақытта әскери қызметші шақырылғаннан кейін небәрі бірнеше ай қызмет етіп, содан соң декретке кете алады. Бұл ретте екі жылдық мерзім өткеннен кейін ол өзінің қызметтік міндеттемелерін толық орындады деп есептеледі.

"Мысалы, офицер 24 айға шақырылды делік. Ол екі ай қызмет етіп, рапорт жазды да, декретке кетті. 24 айдан кейін оралады, бірақ ол қызметін өтеп болған болып саналады", - деді Мұстабеков.

Түзетулерге сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыс кезінде қызмет мерзімі тоқтатыла тұрады. Оралғаннан кейін әскери қызметші қалған мерзімді өтеуге міндетті болады.

"Егер офицер алты ай қызмет етіп, содан кейін декретке кетсе, ол демалыс аяқталған соң қалған 18 айды өтеуге міндетті болады", - деп түсіндірді вице-министр.

Журналистер бұл бұрыннан бар "оңтайлы жолды" жоюды білдіре ме деп сұрады. Бұған жауап ретінде Мұстабеков заңның кері күші жоқтығын және ол күшіне енгеннен кейінгі жаңа жағдайларға ғана қолданылатынын айтты.
Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы бес айында осы санаттағы 42 әскери қызметші бала күтіміне байланысты демалыста отыр.
Бұған дейін Қазақстандағы кейбір әскери қызметшілердің үш еселенген төлем алатыны хабарлаған болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарға заңсыз төлем жасау схемасы әшкереленді: 13 өңірде тергеу басталды






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net