Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Неге қазақстандықтарға бөліп төлеу мен несие алу қиындай түсті?

0

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қазақстандықтар үшін несие мен бөліп төлеуге зат алу не себепті қиындай түскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет кулуарында Қизатовтан кейінгі уақытта қазақстандықтардың бөліп төлеу мен тұтынушылық несие беруден бас тарту жағдайларына неге жиі шағымдана бастағаны сұралды. Журналистер қарыз жүктемесін азайту шараларынан кейін қарыз алу айтарлықтай қиындағанын атап өтті.
Қизатовтың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын кепілсіз тұтынушылық несиелер жылына 35–40 пайызға өскен. Бұл, оның сөзінше, қарыздың қаржылық тұрғыдан тұрақсыз борышкерлерге де берілуіне әкеп соқтырған.

"Біз тұтынушылық несие берілуі керек, бірақ тек қаржылық жағдайы тұрақты қарыз алушыларға. Жаңа несие ескі қарыздарды жабу үшін пайдаланылмауы тиіс. Егер бұл тұтынушылық несие болса, ол тұтыну мақсатына: тұрмыстық техника сатып алуға, үйге жөндеу жүргізуге және тағы басқаларға жұмсалуы керек", - деді Қизатов.

Ол қарыз жүктемесін азайту мақсатында шектеулер енгізілгенін түсіндірді. Егер қарыз алушының мерзімі өткен несиесі болса, ол ескі берешегін жабу үшін банктен немесе микроқаржы ұйымынан жаңа қарыз ала алмайды.

"Заң деңгейінде бұл 90 күннен асқан мерзімді өткізіп алу - бұл жағдайда саған жаңа несие берілмейді. Біз нормативтік-құқықтық актілер деңгейінде мұны тіпті қатаңдаттық: банктер үшін бұл 30 күннен аса, ал микроқаржы ұйымдары үшін бір күннен аса мерзімді өткізіп алу", - деп мәлімдеді ҚНРДА төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл шара айтарлықтай қатаң, бірақ банктер мен МҚҰ тұтынушылық несиелерді тек қаржылық тұрақты қарыз алушыларға беруі үшін қажет болған.

"Бізге банктер мен микроқаржы ұйымдарының скорингтік модельдерін тұтынушылық несиелер тек қаржылық жағынан сенімді азаматтарға берілетіндей етіп баптау керек болды", - деді Қизатов.

Ол қабылданған шаралардан кейін кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі баяулағанын атап өтті. Егер 2021–2024 жылдары олар орта есеппен жылына 35–40 пайызға өссе, 2025 жылы өсім 14 пайызды, ал 2026 жылдың басынан бері 1,2 пайызды құраған.

"Яғни, кепілсіз тұтынушылық несиелердің сапалы әрі теңгерімді өсімін қамтамасыз еттік. Біздің міндетіміз теңгерімді әрі сапалы өсімге қолжеткізу болатын", - деді ол.

Сонымен қатар, Қизатовтың айтуынша, қазіргі уақытта жағдайды одан әрі қатаңдату бойынша жаңа шаралар жоспарланбаған.

"Жағдайдың қалай өрбитінін бақылап, мониторинг жүргіземіз. Егер тұтынушылық қарыз портфелі жақсарса, кейбір шараларды қабылдауға дайынбыз", - деп толықтырды ҚНРДА төрағасының орынбасары.

Мән-жайы
Бұған дейін қазақстандықтардың несие жүктемесі өсіп жатқанын жазған болатынбыз. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторындағы несие көлемі 25 триллион теңгеге жетті, бұл ретте портфельдің үштен екісінен астамы тұтынушылық қарыздарға тиесілі.
Сондай-ақ мөлшерлемелердің ықтимал төмендеуінен кейін Ұлттық банктің неге несиелер бойынша қосымша лимиттер енгізгісі келетіні туралы да хабарланған еді. Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,95 миллион қарыз алушыда 39,4 миллион несие болған. Орта есеппен бір қарыз алушыға 4,4 несиеден келеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net