АҚШ Иранға қайтадан соққы жасай бастады
Мәлімдемеде бұл соққылар "Бас қолбасшының тапсырмасы бойынша Ирандағы бірнеше нысанға қарсы өзін-өзі қорғау мақсатында" жасалып жатқаны айтылған.
АҚШ Орталық қолбасшылығының күштері бүгін Шығыс уақытымен (ET) сағат 17:15-те Бас қолбасшының нұсқауымен Ирандағы бірнеше нысанға қосымша өзін-өзі қорғау соққыларын бере бастады. Бұл соққылар Иранның негізсіз әрі жалғасып жатқан агрессиясына жауап болып табылады.
- АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) 10 маусым, 2026 жыл
"Соққылар Иранның негізсіз және жалғасып жатқан агрессиясына берілген жауап", - деп мәлімдеді Centcom.
Америкалық ресми тұлғалар жаңа соққылардың мақсаты - Тегеранға қысым жасап, келісімге қол қоюға мәжбүрлеу екенін айтады, бірақ бұл соққылар әскери шиеленістің өршу қаупін де тудырады, деп хабарлайды Axios.
Басылымның жазуынша, америкалық ресми тұлғалар Иран тарапынан жауап күтеді, бұл сейсенбі күні кешке болғандай, америкалық базаларға жасалатын соққылар болуы мүмкін.
Иранның Tasnim ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасап, "қатаң жауап шараларын" қолдануға уәде берді.
Бұған дейін сәрсенбіде Иран президенті Трамптың қоқан-лоқылары күшті емес, керісінше "шарасыздықты" білдіретінін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні кешке АҚШ америкалық тікұшақтың атып түсірілуіне жауап ретінде Иранның радарлары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына соққы жасаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран америкалық базаларға салыстырмалы түрде аз мөлшерде зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырды.
