Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда маркетплейстерде антибиотиктерді сатуға тыйым салынбақ

0

Қазақстанда интернет-платформалар арқылы дәрі-дәрмек сатуды қатаң шектеу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі маркетплейстерде рецептпен берілетін препараттарды, соның ішінде танымал антибиотиктерді сатуға толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды TengriHealth.
Толығырақ
Бұл туралы TengriHealth тілшісіне Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді.
Жүсіповтің айтуынша, бүгінде Қазнетте тек дәрігердің рецепті бойынша берілуі тиіс препараттардың танымал маркетплейстерде еркін сатылып жатқан жағдайлары тіркеліп жатыр.
Мұндай жағдайларда Денсаулық сақтау министрлігі нақты шаралар қолдануға мәжбүр - заңсыз позицияларды жою үшін платформа иелерімен байланысу мақсатында уәкілетті органдарға жүгінеді.
Алайда, спикердің сөзінше, жекелеген шаралар енді жеткіліксіз, сондықтан ведомство бұл мәселені жүйелі түрде реттеуді жоспарлап отыр.

"Рецептпен берілетін препараттарды ешбір жағдайда онлайн сатып алуға болмайды. Оларды дәріханадағы фармацевт беруі тиіс", - деді Бауыржан Жүсіпов.

Тұтынушылар үшін не өзгереді?
Денсаулық сақтау министрлігі келесі нормаларды енгізуді ұсынады:

Онлайн сатып алуға толық тыйым салу. Бұдан былай "үйреншікті" антибиотикті немесе кез келген басқа рецептілік дәріні үйге немесе тапсырыс беру пунктіне дейін жеткізумен еркін тапсырыс беру мүмкін болмайды.
Классикалық дәріханаларға қайта оралу. Мұндай дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін азаматтар дәстүрлі дәріханаларға жеке барып, дәрігердің ресми рецептін көрсетуі керек болады.

Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық нормалар жобасын күзге қарай дайындайды деп күтіледі.
Сонымен қатар Бауыржан Жүсіпов антибиотиктерді маманның нұсқауынсыз бақылаусыз қабылдау антибиотикке төзімділіктің (ағзаның дәрілерге үйреніп алуы) дамуына әкелетінін, бұл денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Бұл - интернетте мұндай препараттарды сатуға тыйым салу туралы бастаманың басты себебі.
Мән-жайы
Бұған дейін қазақстандықтар күшті антибиотиктерге әуестеніп кеткені айтылған. Соның салдарынан бактериялар мутацияға ұшырап, кәдімгі препараттар әсер етпейтін "супербактерияларға" айналған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова антибиотиктерді рецептсіз сатудың жолын кесуді және оларды толықтай цифрлық таңбалауды енгізуді тапсырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net