Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Неміс депутаттары үнемдеу үшін жалақысын көтеруден бас тартты - БАҚ

0

Бундестаг 2026 жылы депутаттардың төлемақысын жоспарлы түрде көтеруден бас тартады. Екі билеуші фракция осы аптада парламент қарауына тиісті заң жобасын енгізуді ұйғарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл туралы dpa агенттігі жазған. Материалда жағдайдан хабардар дереккөздердің ақпараты берілген. Заң жобасы 11 маусымға жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізіліп қойған.
Осылайша, Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағының консервативті блогы, сондай-ақ Германияның Социал-демократиялық партиясы азаматтарға күрделі қаржы-экономикалық жағдайда үнемдеу шараларына дайын екендіктерін көрсетуге тырысып жатыр. Төлемақыны көтеруге оппозиция - "Одақ-90"/"жасылдар" партиясы, оңшыл попплистік "Германия үшін балама" және Солшылдар партиясы да қарсы шығып отыр.
Бундестагтың барлық 630 депутатына төленетін, Германиядағы жалақының жалпы динамикасына сүйене отырып есептелетін төлемақы биыл айына шамамен 500 еуроға (280 мың теңгеден астам) артар еді. Көтерілгеннен кейін парламентшілердің төлемақысы 1 шілдеден бастап 12 330 еуроға (шамамен 7 миллион теңге) дейін ұлғаюы тиіс болатын.

"Күрделі бюджеттік және экономикалық жағдайда құрылымдық реформалар жүргізу қажет, бұл міндетті түрде азаматтарға қосымша жүктеме түсіреді", - деп мәлімдеді билеуші фракциялар.

Депутаттардың пікірінше, олар "қазіргі жағдайда қажетті үнемдеуге өз үлестерін қосуы" керек.
YouGov қоғамдық пікірді зерттеу институтының мамыр айындағы сауалнамасы барысында респонденттердің басым көпшілігі - 85 пайызы - биыл депутаттардың төлемақысын көтеруге қарсы шықты.
Депутаттар жалақысының өсуі 2014 жылдан бері қолданыстағы, парламентшілерге төленетін ақының ұлғаюын Германия азаматтарының атаулы табысының артуымен байланыстыратын заңға негізделген. Өткен жылы құжаттың қолданылу мерзімі қазіргі парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін ұзартылды. Ол кезде атаулы жалақы 4,2 пайызға өскен болатын.
ГФР парламентінің тарихында Бундестаг депутаттарының төлемақысы тек бір рет - 2021 жылы коронавирус пандемиясы кезінде төмендеді. Бұл немістердің атаулы табысының азаюына байланысты болды.
Бұдан бөлек, 2020 жылы депутаттар пандемияға байланысты жалақыны көтеруден бас тартқан. 2025 жылдың 1 шілдесінде Бундестаг депутаттарының төлемақысы шамамен 600 еуроға көбейтілді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net