Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Тағы бір фобия“. Астанада ер адам қолайсыз жағдайда видеоға түсіп қалған

0
Әлеуметтік желілерде Астана жағалауындағы қызықты, бірақ өте ыңғайсыз жағдай қызу талқыланып жатыр. Қала тұрғындарының бірі қоғамдық әжетхананы пайдаланбақ болған, алайда бір шикілік болған сияқты. Өйткені оның "оңашалану" сәтіне өтіп бара жатқан адамдар куә болған, - деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?
Астана жағалауында "ақылды" шынымен жабдықталған заманауи қоғамдық әжетханалар жұмыс істейді. Технологиясы өте қарапайым: кабина бос тұрғанда ол толықтай мөлдір, ал ішіне адам кіріп, есіктің құлпын бұрағанда, іші көрінбей қалады.
Алайда қала тұрғындарының бәрі бірдей жоғары технологиялық әжетхананың қыр-сырын түсініп үлгермеген көрінеді. Жақында әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғынның ыңғайсыз жағдайға тап болған сәті тарады: ол сыртқа көрініп тұрғанын сезбестен, әжетхананы пайдаланған.

Видео астында пікір қалдырғандар ер адамды келемеждеген жоқ. Керісінше, желі қолданушылары видео кейіпкеріне шын жүректен жанашырлық білдіріп, оны видеоға түсірген авторды айыптаған.

"Байғұс-ай, бұл күлетін нәрсе емес, тым болмаса бетін жауып қоймапты", "Түсіріп не керек? Не мақсатпен? Тіпті жүзін де жасырмаған", "Досы шығар бәлкім", "Тағы бір фобия", "Бұл қай жерде? Осындай жағдайға тап болмас үшін алдын ала біліп жүрген дұрыс", "Есігі дұрыс жабылмайды. Яғни, ақауы бар. Ал адамды мазақ қылған - әдепсіздік", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Әжетхана дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
Мән-жайды анықтау үшін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппаратына хабарластық.
Ондағылар әжетханалардың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, ал жеке қалуды қамтамасыз ету үшін арнайы күңгірттеу механизмі қарастырылғанын хабарлады.

"Аталған әжетханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Келушілер есікті дұрыс жаппаған немесе әдейі ашық қалдырған болуы мүмкін. Кабиналардың ішінде пайдалану нұсқаулығы ілінгенін ескертеміз. Тексеру жүргізілген видеожазбаны жолдаймыз", - деді ведомство өкілдері.


Сонымен қатар ведомство қызметкерлерінің қоғамдық әжетханаларды тексеру сәті түсірілген видеолар сериясы жіберілді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net