Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыдағы пойызда 47 адамның улануы: қылмыстық іс тоқтатылды

0
Алматыда пойызда жолаушылардың иіс тиіп жаппай улануына қатысты қозғалған қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Толығырақ
Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz сауалына берген жауабында, улану дерегі бойынша іс Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тергелгенін хабарлады.
Тергеушілер сот-медициналық сараптамалар жүргізгенімен, қылмыс құрамын таппаған.

"Тергеу қорытындысы бойынша биыл 2 маусымда қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін Бас көлік прокуратурасы тексеріп, істі тоқтату туралы қаулы расталды", – деп хабарлады ІІМ.


"Кінәні дәлелдеудің де қажеті жоқ"
Биыл сәуірде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев оқиғаға кінәлілер міндетті түрде жазаланатынын айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл жағдайда "кінәні дәлелдеудің де қажеті жоқ".
Сол кезде министр оқиғаға жылыту жүйесі бұзылған жекеменшік вагон себеп болғанын түсіндірген. Күн суытқан соң онда иіс газын бөлетін қолдан жасалған жабдық орнатылған. Министрлік нұсқасы бойынша, жолаушылар дәл осы жабдықтан уланған.
Сондай-ақ Сауранбаев тергеу аяқталу сатысында екенін және вагон иелерін қатаң жауапкершілік күтіп тұрғанын айтқан еді.

"Бұл толығымен қолдан жасалған жағдай. Тергеу аяқталып жатыр. Осы вагонның иелері ауыр жаза арқалайды. Тікелей бұзушылық бар, оны заңдық тұрғыдан дұрыс рәсімдеу керек. Факт айқын. Дәлелдеудің де қажеті жоқ. Қатаң жазаланады. Вагон жолдан алынды", – деген болатын министр.

Алайда, ІІМ мәліметінше, іс "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" жабылды.
Сондай-ақ ведомство зардап шеккендер емделу шығындары мен моральдық зиянды өтеуді бөлек талап ете алатынын атап өтті. Министрлік сол кезде ауруханаға түскен 47 адамның кінәлілерді өз бетінше сотқа беруге құқығы бар екенін, бірақ бұл азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асатынын түсіндірді.
Осылайша, тергеу қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін таппағандықтан, іс тоқтатылды. ІІМ жауабына сәйкес, Бас көлік прокуратурасы қабылданған шешімді тексеріп, оны заңды әрі негізді деп таныды.
Мән-жайы
Еске сала кетейік, желтоқсанда Tengrinews.kz редакциясының Telegram-ботына Алматыдағы оңтүстіккореялық жобаның түсірілімі кезіндегі төтенше жағдай туралы хабарлама түскен болатын. Оған сәйкес, түсірілімге қатысқан ондаған адам суық вагондарда бірнеше сағат болған соң иіс тиіп уланған.
Нұсқалардың бірі бойынша, Алматыдағы жобаның түсірілім алаңындағы ондаған адам жылытылмаған вагондарда бірнеше сағат отырып, иіс тиіп улануы мүмкін. Кейбір дереккөздердің айтуынша, ұйымдастырушылар үй-жайды газды құрылғысымен жылытпақ болған.
Оқиға куәгерінің тағы бір нұсқасы бойынша, жылыту үшін жылу пушкалары пайдаланылған, олар "қосқанда газ шығарған".
Сол кезде Алматы-1 бекетіндегі желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кейін Көлік министрлігі оқиға 2025 жылғы 11 желтоқсанда таңертең болғанын хабарлады. Вагонда алдын ала Road деп аталатын оңтүстіккореялық жобаның түсірілім тобы болған. Ведомство мәліметінше, 47 адам зардап шеккен, оның ішінде 10 бала бар. Оқиға орнына бес жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
Ол кезде он адам № 1 қалалық ауруханаға, тағы 37 адам Алматыдағы № 4 қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың арасында 11 бала болды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net