Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда Эбола вирусының әкеліну қаупі бағаланды

0

Уганда мен Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінің өршуі басылмай тұр, соған байланысты ондаған ел санитарлық шараларды күшейтіп, келушілер үшін шектеулер енгізіп жатыр. TengriHealth редакциясы Қазақстанда шекараны жабу жоспары бар-жоғын және елде қауіпті инфекцияның таралу қаупі қалай бағаланатынын анықтады.
Бүгінде індет туралы не белгілі?
2 маусымда Уганда Денсаулық сақтау министрлігі X (Twitter) әлеуметтік желісінде Эбола безгегін жұқтырудың алты жаңа жағдайы туралы хабарлады. Осылайша, елде расталған жағдайлардың жалпы саны 15-ке жетті.
Ведомство мәліметінше, жаңадан ауырғандардың барлығы бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болғандар тобына жатады.
Мәлімдемеде қазіргі уақытта байланыста болған 668 адам бақылауда екені айтылған. Ауруханадан екі адам шығарылды, 12 пациент емделіп жатыр, бір адам қайтыс болды.
Конго Демократиялық Республикасында жағдай әлі де күрделі, дегенмен жақында шетелдік БАҚ бес пациенттің сауығып кеткенін хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 27 мамырдағы жағдай бойынша Конго ДР-да ауру жұқтырды деген күдікпен 906 жағдай және солардың ішінде 223 өлім тіркелгенін мәлімдеді.
Кейін Конго ДР билігі зертханалық түрде расталған жағдайлар саны 282-ге дейін өскенін хабарлады. Сондай-ақ 42 өлім жағдайы тіркелді. Тек кейінгі күндері мамандар тағы 19 оң жаңа нәтижені анықтады.
Қазақстан шекараны жаба ма?
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығы Қазақстан Эбола індетіне байланысты шекараны жабуды жоспарлап отырмағанын хабарлады.
Мамандар ел ұстанымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетінін атап өтті.

"ДДСҰ халықаралық сапарларға немесе саудаға тыйым салуды ұсынбайды және індет таралмаған, сондай-ақ зардап шеккен аймақтармен шектеспейтін елдерді халықаралық қатынасқа артық кедергі келтіретін шаралардан аулақ бола отырып, жаңа жағдайларды анықтау және дереу оқшаулау қабілетін күшейтуге шақырады", - деп хабарлады дәрігерлер.

Ведомство Қазақстанның Эбола індеті тіркелген елдермен тікелей әуе қатынасы жоқ екенін еске салды.

"Шекара ашық болады, ал әуежайлар мен шекара бекеттеріндегі санитарлық-карантиндік бақылау бұрыннан жұмыс істеп тұрған тұрақты механизм аясында қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті мамандар.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, Қазақстан халқы арасында инфекцияның таралу қаупі қазіргі уақытта төмен деңгейде қалып отыр.
Бұл ретте мамандар халықаралық мобильділік жағдайында аурудың әкеліну ықтималдығын толығымен жоққа шығару мүмкін емес екенін баса айтады.
Бұған дейін Африкада Эбола безгегінің өршуіне байланысты саяхат индустриясы қиындықтарға тап болғаны туралы жазған болатынбыз. Ондаған елдің билігі 30 күн кіруге тыйым салудан бастап, барлық келушіге үш апталық міндетті карантинге дейін қатаң шектеулер енгізді. Шектеу енгізген мемлекеттер тізімін мына жерден көруге болады.
Тағы оқыңыз: ДДСҰ Эболаға байланысты халықаралық дабыл жариялады: бұл Қазақстан үшін нені білдіреді?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net