Қазақстандағы қай ақылы жолдарда көлік көп?
Жыл басынан бері автокөлік жүргізушілері ақылы жолдармен 28 миллион рет жүріп өткен, - деп хабарлайды Tengri Auto."ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазақстандық жүргізушілер арасында ең танымал бағыт - Алматы-Қонаев тасжолы. Жыл басынан бері бұл учаскеде 4,3 миллионнан аса көлік қозғалысы тіркелген.
Танымалдылығы бойынша одан кейінгі орындарда:
Шымкент - Өзбекстан шекарасы - 3,7 миллион;Шымкент - Тараз - 2,5 миллион;Тараз - Қайнар - 2,1 миллион;
Шымкент - Қызылорда - 1,8 миллион;Қонаев - Талдықорған - 1,4 миллион;Астана – Теміртау – 1,4 миллион;Астана – Щучинск – 1,3 миллион;Тараз қаласын айналып өту жолы - 1,03 миллион;Алматы - Қорғас - 1,005 миллион;Қостанай - Денисовка - 968 мың;Астана - Павлодар - 872 мың;
Щучинск - Көкшетау - 818 мың;
Көкшетау - Петропавл - 676 мың;Қызылорда - Арал - 667 мың;
Балқаш – Бурылбайтал - 620 мың;Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор) – 532 мың;Павлодар – Семей – Қалбатау – 442,6 мың;Шу – Бурылбайтал – 354 мың;Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк) – 343 мың;Қандыағаш – Мақат - 323 мың;
Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы) - 319 мың;Орал – Ресей шекарасы (Самара) - 255 мың;Орал – Ресей шекарасы (Саратов) - 213 мың;Үшарал – Достық – 133 мың;
Бейнеу – Ақжігіт тасжолы (Өзбекстан шекарасы) – 59 мың.
Еске салайық, жүру ақысын төлемегені үшін жүргізушілерге 5 АЕК, ал заңды тұлғаларға - 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұл ретте берешек жойылып кетпейді және ол толық өтелгенге дейін автомобиль иесінің атында қала береді.
