Добавить новость
123ru.net
World News
Июнь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Батыр Жүкембаевтың өзбекстандық боксшымен жекпе-жегі өтпейтін болды

0
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 6 маусымда Ташкентте өтуі тиіс болған жекпе-жегінен айырылып қалды. Онда ол өзбекстандық Шохжахон Эргашевпен жұдырытасу керек еді, - деп хабарлайды Tengri Sport боксшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Жүкембаев пен Эргашев арасындағы кездесу бокс кешінің басты оқиғаларының бірі болады деп жоспарланған еді.
Қазақстандықтың айтуынша, бұл жаңалық ол үшін жағымсыз болған.

"Бүгін маған жағымсыз хабар келді. Жекпе-жек болмайтын болды. Бірақ не себептен екені маған белгісіз. Бір апта уақыт қалған кезде осындай жаңалық келді. Енді өздеріңіз білесіздер, осы 5 ай уақыт бойы... мен осы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Менің қолымнан не келеді мен барын жасадым деп ойлаймын. Барынша осы жекпе-жекке 100 пайыз дайын болуға тырыстым. Бұның болу-болмауы менің қолымдағы нәрсе емес", - деді қазақстандық боксшы әлеуметтік желіде.

Жекпе-жектің тоқтатылу себебі жарияланған жоқ, алайда бұл кездесумен қатар, бүкіл бокс кеші кейінге қалдырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жекпе-жектердің бір бөлігі 25 шілдеде өтеді.

"Бұл шешім тек ұйымдастыру мәселелеріне ғана емес, біздің командаға тікелей қатысы жоқ бірқатар сыртқы жағдайларға байланысты қабылданды. Біз барлық сыртқы мән-жайларды көпшілік талқысына салғымыз келмейді. Қазір біз үшін кінәліні іздеу емес, көрерменге оңтайлы шешім ұсыну маңызды. Біз бұл уақытты кешті одан әрі күшейту үшін пайдаланамыз: файт-кардты нығайтып, жаңа есімдер қосамыз, әртістің қатысуымен толыққанды шоу-бағдарлама дайындап, шараны бастапқы жоспардан да ауқымды әрі әсерлі етеміз", - деді олар.

Айта кетейік, Батырдың қарсыласы Шохжахон Эргашев қазақстандықтың мәлімдемесіне пікір қалдырып, сол күнді белгіледі және жекпе-жектің нақ сол уақытта өтуі тиіс екенін хабарлады.

"Сәл шыда, екеуміз 25 шілдеде кездесеміз. Мен бұл күнді асыға күтемін. Мен 100 пайыз дайын болдым, сенің де 25 шілдеге дейін әлі уақытың бар, дайындал", - деп жазды өзбекстандық боксшы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

BATYR777 (@batyr_jukembaev) жариялаған жазба


Батыр Жүкембаев 25 жекпе-жектің 24-інде жеңіске жеткен
35 жастағы қазақстандық боксшы – еліміздің жартылай орта салмақтағы ең танымал өкілі. Оның еншісінде 25 жекпе-жек бар, оның 17-сінде ол мерзімінен бұрын жеңіске жетсе, тек біреуінде ғана есе жіберген.
Жүкембаев соңғы жекпе-жегін Астанада өткен Әлімханұлы – Нгамессинге бокс кеші аясында өткізді. Сол кезде Батыр төрешілердің шешімімен ұлыбританиялық Кейн Гарднерді жеңген болатын.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net