Жүргізуші айыппұл арқаламас үшін мемлекеттік нөмірдегі бір әріпті өзгертіп, көліксіз қалды
Жолдағы бақылау камерасындағы кадрлардан Chevrolet көлігі тізгініндегі жүргізуші тұтас сызықты кесіп өтіп, жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік нөмірді өзгерткені көрінеді. Бұл сәт те бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от ???????? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)
Полиция мәліметінше, ол құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін жүйеден жалтару мақсатында нөмірдегі бір әріпті әдейі өзгерткен.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жүргізуші анықталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деді Алматы облысы ПД ӘПБ ППБ командирінің орынбасары Еламан Башкей.
Естеріңізге сала кетейік, ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарғаны үшін 5 тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
Қазақстанда жалған нөмірге қатысты 900 заңбұзушылық тіркелді
Қазақстанның республикалық маңызы бар жолдарында жалған немесе жасырын нөмірлерге қатысты 900-ге жуық заңбұзушылық анықталды. "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәліметінше, мәселе жалған, оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөліктер туралы болып отыр.
