Тоқаев Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эфиопия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиені Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады. Президенттің айтуынша, Эфиопия – Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты қызметіне табыс, достас Эфиопия халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
