Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026

Қазақстандықтарға бет-әлпетті жабатын киім үшін айыппұлдар бары ескертілді

0
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.и
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай құқықбұзушылық жасағаны үшін 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Бұл тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бетті жауып тұратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын баса айтамыз. Ішкі істер органдары заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырады және азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады", - деп атап өтті ІІМ.


Қазақстанда бетті бүркеуге тыйым салынды
Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап қоғамдық орындарда бетті толық жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң күшіне енді. Полицияның айтуынша, түзетулердің мақсаты қарапайым: қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл қажет болған жағдайда, соның ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен адамның кім екенін тез анықтау үшін қажет. Бұл ретте құқық қорғау органдары мәселе діни сенім бостандығы құқығын шектеу туралы емес екенін баса айтады.
Нақты не нәрсеге тыйым салынған:

балаклавалар;
бетті толық жауып тұратын маскалар;
никабтар және жеке басты анықтауға кедергі келтіретін кез келген басқа да киім түрлері.

Не рұқсат етілген?
Бетті жаппайтын діни киімдер: хиджаб, шейла, химар, әл-амира және т.б. Бұл элементтер заңды бұзбайды және оларды еркін киюге болады.
Тыйым бірқатар жағдайда қолданылмайды:

суық ауа райында бетті шарфпен немесе орамалмен жабуға болады;
медициналық көрсеткіштер бойынша маска тағуға рұқсат етіледі;
заң жұмыста немесе қызметте қорғаныс құралдарын, соның ішінде газқағарлар мен респираторларды пайдалануға кедергі келтірмейді;
спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде - мысалы, әртістерге немесе аниматорларға бетін жабуға рұқсат беріледі.

Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабымен белгіленген. Атап айтқанда, алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталап бұзу 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net