Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Сот ерлі-зайыпты арасындағы мүлік қай кезде бөлінбейтінін түсіндірді

0

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы мүлікті бөлу туралы дауды қарап, неке кезінде алынған мүлік қандай жағдайларда ортақ меншік деп танылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Даудың мәні
Қазақстандық әйел жер учаскесін бірлесіп жинаған мүлік деп тануды және оны бөлуді талап етіп сотқа жүгінген. Ол нысанның некеде тұрған кезеңде сатып алынғанын алға тартқан.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Кассациялық сот бұл шешімдерді өзгеріссіз қалдырды.
Соттар нені анықтады?
Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыпты 1992 жылдан бастап ресми некеде болған, бірақ іс жүзінде отбасылық қатынастарын 1995 жылы-ақ тоқтатқан.
Сол уақыттан бері олар бөлек тұрған, ортақ шаруашылық жүргізбеген және әртүрлі аймақта өмір сүрген.
Жауапкер ауылдық жерге көшіп барып, шаруа қожалығында жұмыс істеген және жаңа отбасын құрған. Оның кейінгі қарым-қатынасынан төрт баласы дүниеге келген.
Неліктен мүлік ортақ деп танылмады?
Даулы жер учаскесі 2009 жылы, яғни отбасылық қатынастар іс жүзінде тоқтатылғаннан кейін сатып алынған.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 35-бабының 2-тармағында некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты ерлі-зайыптылардың әрқайсысы бөлек тұрған кезеңде жинаған мүлкі олардың әрқайсысының жеке меншігі деп танылатыны қарастырылған. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулының 16-тармағында отбасылық қатынастар мен ортақ шаруашылық жүргізу іс жүзінде тоқтатылғаннан кейін ерлі-зайыпты мүлікті бірлесіп сатып алмаса, онда тек ортақ шаруашылық жүргізу тоқтатылған кезге дейінгі ортақ бірлескен меншігі болған мүлік қана бөлуге жататыны түсіндірілген", - делінген азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот хабарламасында.

Кассациялық саты ұзақ уақыт бойы бөлек тұру, ортақ бюджеттің болмауы және шаруашылықты бірге жүргізбеу отбасылық қатынастардың тоқтағанын растайтынын атап өтті.
Бұл ретте ортақ балалардың іс-шараларына қатысу бірлескен меншік пен отбасылық шаруашылықтың сақталғанына дәлел бола алмайды.
Сот даулы мүлікті ерлі-зайыптының ортақ бірлескен меншігі деп тануға негіз жоқ деген қорытындыға келді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net