Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қазақстанда жұмыс берушілерді жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттейді

0

Қазақстанда кәмелетке толмаған жұмысшылардың құқығын қорғауды күшейту үшін еңбек заңнамасына өзгерістер әзірленіп жатыр. Ұсынылған шаралар қатарында жасөспірімдерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ертаевтың айтуынша, былтыр қазаннан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейін елімізде 18 жасқа толмаған тұлғалардың жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша зерттеу жүргізілген. Сауалнамаға 100 мыңға жуық респондент - балалар мен олардың ата-анасы қатысты. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының 16,2 пайызы жұмыс тәжірибесі бар екенін айтқан.
Жасөспірімдердің 70 пайыздан астамы шартсыз жұмыс істейді
Зерттеу бірнеше мәселенің бетін ашты.

"Жасөспірімдердің 70 пайыздан астамы ресми еңбек шартынсыз жұмыс істейді", - деді Ертаев.

Бұдан бөлек, ведомство басшысының сөзінше, кәмелетке толмағандардың 51 пайызына дейін кешкі немесе тіпті түнгі уақытта еңбек етеді. Тағы 10 пайызға жуығы төлемдердің тұрақсыздығына тап болған немесе атқарылған жұмысы үшін мүлдем ақы алмаған.
Не өзгереді?
Министрлік жыл басынан бері ведомствоаралық іс-шаралар жоспары іске асырылып жатқанын хабарлады. Оның аясында Еңбек кодексіне және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заңға түзетулер дайындалып жатыр.
Ұсынылып отырған өзгерістер мыналарды көздейді:

кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, соның ішінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру;
жасөспірімдердің сақтандыру алу құқығын бекіту;
жасын, жұмыс сипатын және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтудың рұқсат етілген және жол берілмейтін нысандарын заңнамалық тұрғыда айқындау.

Ведомство ұсынылған шаралар Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келетінін атап өтті.
Бақылау күшейтіледі
Заңнамалық өзгерістермен қатар билік кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуын бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ Қазақстанда қауіп-қатері жоғары салалардағы - құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласындағы бейресми жұмыспен қамтуға бақылау күшейтіледі деп уәде етілді.
Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу жоспарланған.

"Негізгі міндет - кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды бейресми саладан шығару және оны реттеуге, мониторинг жүргізуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету", - деп толықтырды министр.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net