Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Қазақстандықтар АММА ММА бойынша Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

0

Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте өткен MMA (AMMA) бойынша Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Tengri Sport. Біріншілік 22-24 мамыр аралығында өтті.Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғап, дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті және 11 медаль жеңіп алды:Алтын:

Кирилл Литвиненко (77 келіге дейін, Modern);
Ағалы Хасанов (120 келіге дейін, Modern);
Еркінғали Буркуталин (77 келіге дейін, Traditional);
Абылай Шәкірбеков (96 келіге дейін, Traditional).

Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынған
Күміс:

Көшен Аканов (71 келіге дейін, Modern);
Шыңғыс Жүсіпов (65 келіге дейін, Traditional);
Марат Әшімтаев (71 келіге дейін, Traditional);
Олжас Есқараев (85 келіге дейін, Traditional).

Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынғанҚола:

Әли Мұсақұлов (95 келіге дейін, Modern);
Жансая Ермағамбетова (69 келіге дейін, Modern);
Талшын Жұматаева (69 келіге дейін, Traditional).

Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынған
Айта кетейік, бұл халықаралық жарыс - 2026 жылы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Нагоя қаласында (Жапония) өтетін Азия ойындарына спортшыларды іріктеудің негізгі кезеңдерінің бірі.
Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынғанҚР Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев спортшылардың өнер көрсету қорытындысы, сондай-ақ Азия ойындарына алдағы дайындық барысы туралы айтты.

"Жастар мен ересектер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары лайықты нәтиже көрсетіп, команданың дайындық деңгейі жоғары екенін дәлелдеді. Бұл турнир төрт жылдықтың басты додасы - 2026 жылғы Азия ойындарына іріктеудің маңызды кезеңі болды", - деп атап өтті Мекеев.

Ташкенттегі сәтті өнер көрсету федерацияға жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, Қазақстан Азия ойындарында жоғары нәтижелерден үміт артатын басым салмақ дәрежелерін анықтауға мүмкіндік берді: ерлер арасында – 65, 71 және 77 келіге дейін, әйелдер арасында – 54 келіге дейін.
Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынған

"Алдымызда көптеген жұмыс, оқу-жаттығу жиындары мен халықаралық жарыстарды қамтитын күшейтілген дайындық күтіп тұр. Спортшыларымыз халықаралық аренада Қазақстан намысын абыроймен қорғайтынына сенімдімін, біздің ММА шеберлері әлемдегі ең мықтылардың бірі ретінде танылып үлгерді", - деді федерация президенті.

Сонымен қатар, Азия чемпионаты аясында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ММА федерациясының құрметті президенті Гаджи Гаджиевтің Халықаралық AMMA федерациясының президенті және Жапониядағы 2026 жылғы Азия ойындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті Гордон Тангпен жұмыс кездесуі өтті.
Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынған
Кездесуде тараптар Орталық Азия ММА (АММА) федерациясын құруды, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі мәселелерін, Қазақстан Республикасында ММА-ны дамытуды және қазақстандық спортшыларды 2026 жылғы Азия ойындарына дайындауды талқылады. Сондай-ақ, ММА спорт түрі ретінде тарихта тұңғыш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілгенін атап өткен жөн.
Еске сала кетейік, Ташкентте өткен MMA (AMMA) Азия чемпионаты аясында бұған дейін жастар арасындағы жекпе-жектер өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасының спортшылары 14 медаль иеленген болатын: жеті алтын, үш күміс және төрт қола.
Фотоны Қазақстанның Ұлттық ММА федерациясы ұсынған
Мұндай жоғары жетістіктер Қазақстан ММА (АММА) федерациясы резервінің құрлықтық және әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net