2026 жылғы күрес бойынша әлем чемпионаты Астанада өтеді
Бұл шешім UWW Атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Жиында қазіргі геосаяси ахуал, соның ішінде халықаралық әуе қатынасы мен спортшылардың сапарына қатысты туындаған қиындықтар талқыланды.
Бастапқыда турнир Манамада (Бахрейн) өтеді деп жоспарланған еді. Бахрейн бұл жарысты қабылдау құқығына өткен жылы ие болған. Алайда кейін UWW мен Бахрейн күрес федерациясы чемпионатты басқа елге ауыстыру жөнінде ортақ шешімге келген.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Olympic Wrestling (@unitedworldwrestling) жарияланымы
Инспекциялық сапарлар мен спорт нысандарының дайындығын бағалау қорытындысы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізетін жаңа орын ретінде Қазақстан таңдалды. Жарыс 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан астанасы бұған дейін де әлемдік біріншілікті қабылдаған. 2019 жылы күрестен әлем чемпионаты дәл осы Астанада өткен болатын. Турнир кестесі мен жарысқа қатысты басқа да мәліметтер кейінірек жарияланады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Еркін Оқасовтың (@yerkin_oqasov) жарияланымы
Бұған дейін UFC-дегі аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) күрес промоушенімен келісімшартқа отырған болатын.
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
