Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан аусылдан таза ел мәртебесін алды

0

Парижде өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында Қазақстанға аусылдан таза ел мәртебесі берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа мәртебе

Шешімді WOAH-қа мүше 183 елдің делегаттары қабылдады. Енді Қазақстанның бүкіл аумағы ұйым стандарттарына сәйкес вакцинациялау жүргізілетін аусыл бойынша халықаралық деңгейдегі қолайлы аймақ деп танылды.

Қазақстанның Шығыс және Орталық Азияда мұндай мәртебеге ие болған жалғыз ел екені атап өтілді.

Анықтама: Малдың аусыл ауруы - бұл жұптұяқты жануарлардың, соның ішінде ірі қара малдың жіті вирустық ауруы. Ол дене қызуының көтерілуімен, ауыз қуысында, тілінде, ернінде, желіні мен аяқтарында көпіршіктер мен эрозиялардың пайда болуымен сипатталады. Соның салдарынан жануарлардың сілекейі ағып, жемшөптен бас тартады, ақсайды және өнімділігі күрт төмендейді. Әдетте, арнайы емі жоқ: ауырған жануарларға симптоматикалық көмек көрсетіледі, ал ауру өршіген жағдайда қатаң карантин, оқшаулау, қозғалысқа тыйым салу, дезинфекция, күшейтілген ветеринарлық бақылау және эпизоотиялық жағдайға байланысты вакцинациялау немесе малды мәжбүрлі түрде сою шешуші рөл атқарады. Адамдар үшін қауіп деңгейі, әдетте, төмен деп саналады.

Бұл Қазақстанға не береді?

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәртебені алу Қазақстанның ветеринариялық жүйесінің халықаралық деңгейде танылуын нығайтып, шетелдік сауда серіктестерінің сенімін арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ бұл мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер туғызады. Министрлік мәліметінше, Қазақстан жыл сайын басқа да аурулар, мысалы, жылқының африкалық обасы мен шошқаның классикалық обасы бойынша осындай мәртебесін растап отырады, сондай-ақ құстың жоғары патогенді тұмауы мен шошқаның африкалық обасы бойынша өзін-өзі декларациялауды қолдайды.

Халықаралық ынтымақтастық

Сессия аясында биологиялық қауіпсіздік, жануарлардың трансшекаралық аурулары және ветеринария саласындағы халықаралық іс-қимыл мәселелері де талқыланды. Қазақстанның ғылыми-диагностикалық әлеуетті дамыту және WOAH халықаралық стандарттарын енгізу бойынша атқарған жұмысы ерекше атап өтілді.

Тағы оқыңыз: Құтыру ма, әлде аусыл ма? Ресейдегі індет және оның Қазақстан үшін қауіп-қатері қандай?






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net