Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026

“Қаптамасын алып тастап, дәл сондайын қойып жатыр“: Алматы әкімдігі Сайын көшесіндегі жұмыстарды түсіндірді

0

Алматы тұрғындары Сайын көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына назар аударды. Әлеуметтік желілерде қалалықтар ескі қаптаманың неге соған ұқсас жаңасына ауыстырылып жатқанына таңданыс білдірді. Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды Алматы әкімдігінен сұрап білді.
Не болды?
Жазба Threads әлеуметтік желісінде пайда болды. Сондай-ақ Сайын көшесіндегі көпірде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының видеосы жарияланды.

"Алматыда Сайын көшесінде қабырғалардың ескі қаптамасын алып тастап, дәл сондай қаптамамен қайта қаптап жатыр", – деп жазды қолданушы.

Пікір қалдырушылар биліктің мұндай жөндеу жұмыстарын жыл сайын жүргізетінін айтқан. Басқа қолданушылар жұмыс барысындағы ықтимал заңбұзушылықтарға назар аударды.

"Конустар аз, қоршаулар болуы керек. Жүргізушілер айналып өтуі үшін, әсіресе түнде, ескерту белгілері (жарық сигналдары) орнатылуы тиіс. Жұмысшылардың басында каска, үстерінде жарық шағылыстыратын жилет болуы шарт.
Биіктіктегі жұмыстар сақтандыру белдіктерімен жабдықталуы керек. Түнгі уақытта жұмыс орны қосымша жарық көздерімен жарықтандырылуы тиіс", – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Әкімдік не дейді?
Қалалық әкімдік Tengrinews.kz тілшісіне Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында "ақауы бар қаптамалар" жаңартылып жатқанын хабарлады.

"Көлік жолайрығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ақауы бар қаптамалар жаңартылып, қорғаныс жабыны қалпына келтіріліп жатыр. Ақаулар (жарық, сынық, қабыршақтану) соңғы 7 жыл ішінде пайда болған. Жұмыстар жолайрықтың қызмет мерзімін ұзартуға және нысанды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметі конструкцияларды қаптау үшін "температураның ауытқуына және сыртқы әсерлерге төзімді, заманауи ылғалға төзімді материалдар" қолданылатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, әкімдік жұмыс жүргізу кезіндегі олқылықтарды мойындады:

"Жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша мердігер ұйыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек қауіпсіздігі мәселесі ерекше бақылауда", – деп хабарлады баспасөз қызметі.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net