Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Күтпеген жағдай“: Қазақстан құрамасы аңызының ұлы әкесіне қарсы ойнайды

0
Бүгін Алматыда Қазақстан Бірінші лигасы аясындағы матчта аңызға айналған қорғаушы Самат Смақовтың ұлы Аламгир әкесінің командасына қарсы алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы, қазіргі уақытта "Тұран" бас бапкерінің ассистенті болып қызмет ететін Самат Смақов өз командасын ұлына қарсы ойынға дайындауға мәжбүр болады. Кіші Смақов қазір "Қайрат-Жастар" сапында ойнайды.

"Күтпеген жағдай";"Қабирович, сіздің қарсыласқа жасаған талдауыңызды көру қызық болып тұр";"Қандай тамаша сәт", - деп жазды жанкүйерлер әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Смақов Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген рекордшы және мансабының басым бөлігінде "Қайратта" өнер көрсетті.
Футболшы ретіндегі жолын аяқтағаннан кейін Смақов "Ақтөбенің" бас директоры және "Астананың" техникалық директоры қызметтерін атқарды, бірақ кейін футбол алаңына жақындауды жөн көрді.
Былтырғы маусымда құраманың бұрынғы ойыншысы "Жетісуды" жаттықтырса, биыл "Тұрандағы" Виктор Кумыковтың штабына қосылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: ⚡️ФК "ТҰРАН" | ТҮРКІСТАН (@fc.turan)


Смақовтың ұлы Еуропада ойнап үлгерген
Әламгир Смақов қазір 17 жаста, ол "Қайраттың" жастар командасында шабуылшы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Былтыр алматылық академияның тәрбиеленушісі Түркияның "Бешикташ" клубының жастар командасында бағын сынап көрген болатын, бірақ кейін Қазақстанға оралды.
Биылғы маусымда ол бірінші лигадағы алты матчтің бесеуінде алаңға шығып, екі голмен көзге түсті.
Сонымен қатар кіші Смақовтың еншісінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы үшін өткізген 13 ойын бар.
Самат Смақовтың ұлымен қарым-қатынасы
Әкесі мен баласының көпшілік алдындағы қарым-қатынасына қарағанда, қазір олардың түрлі командада болуына қарамастан, арақатынасы өте жақсы. Мысалы, өткен аптада Самат Смақов ұлының кезекті суретінің астына "Менің мақтанышым" деп пікір қалдырып, оған жылы жауап алды.
Фото: instagram.com/alamgir_smakov/
Сондай-ақ Самат Смақов Аламгирдің әлеуетін бала кезінен байқағанын атап өткен жөн.
- Сіз оны футболшы ретінде көресіз бе, әлде бұл әзірге жай әуестік пе?

"Жоқ. Мен ортаншы ұлымның футболшы болатынын көріп тұрмын. Оған барлық алғышарт бар, өзі де тырысады, жақсы жаттығады", - деген болатын Смақов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыз: “Барселонамен“ келісімшартқа отырған қазақстандықты “Астанаға“ алмаған: толығырақ





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net