Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Лайықты болса”: бапкер Бразилия құрамасындағы Неймарға қатысты шешімін жариялады

0
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти әлем чемпионатында бақ сынайтын команда құрамын жариялады. Тәлімгер Неймарға қатысты шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Бразилиялықтардың әлем біріншілігіне баратын құрамын жариялаудағы басты оқиғалардың бірі - үш жыл бойы ТОП-5 лига деңгейінде ойнамаған жұлдызды Неймардың мундиальға қатысу-қатыспауы болды.
Нәтижесінде шабуылшы 2026 жылғы әлем чемпионатының құрамына еніп, Анчелотти өз таңдауын түсіндірді.

"Біз оның мұндай турнирлерге қатысу тәжірибесі қаншалықты маңызды екенін, ұжымның оған деген көзқарасын және оның команда ішінде қалыптастыра алатын атмосферасын түсінеміз. Анық айтқым келеді: Неймар тек лайықты болған жағдайда ғана ойнайды. Алда жаттығулар бар, шешім соның қорытындысы бойынша қабылданады. Менің ойымда бастапқы құрам туралы түсінік бар, бірақ көп нәрсе жаттығу процесіне байланысты. Барлық футболшы жақсы бабында және негізгі құрамда шығуға дайын. Неймардың да міндеті өзгелермен бірдей - құрамаға көмектесу", - деді бапкер құрамды таныстыру барысында.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты Неймардың мансабындағы төртінші турнир болмақ - ол құрама сапында 2014, 2018 және 2022 жылдары ойнаған, бірақ команданы чемпиондық атаққа жеткізе алмаған еді.
Сонымен қатар, Неймар - ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген (128 ойында 79 гол).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)


Бразилия құрамасының ӘЧ-2026-ға арналған құрамы
Турнирге Неймардан бөлек команданың өзге де жұлдыздары - "Реалдың" ойыншысы Винисиус пен "Барселоналық" Рафинья қатысады. Бұдан бөлек, өтінімге Әліптің "Зениттегі" екі командаласы - Луис Энрике мен Дуглас Сантос енді.
Бразилияның 2026 жылғы әлем чемпионатындағы құрамы:
қақпашылар: Алисон Бекер ("Ливерпуль"), Эдерсон ("Фенербахче"), Вевертон Перейра да Силва ("Гремио");
қорғаушылар: Дуглас Сантос ("Зенит"), Алекс Сандро ("Фламенго"), Бремер ("Ювентус"), Данило ("Фламенго"), Габриэл Магальяйнс ("Арсенал"), Рожер Ибаньес ("Аль-Ахли"), Перейра Лео ("Фламенго"), Маркиньос ("ПСЖ"), Уэсли Франса ("Рома");
жартылай қорғаушылар: Лукас Пакета ("Фламенго"), Бруно Гимарайнс ("Ньюкасл"), Каземиро ("Манчестер Юнайтед"), Фабиньо ("Аль-Иттихад"), Данило дос Сантос де Оливейра ("Ботафого");
шабуылшылар: Неймар ("Сантос"), Луис Энрике ("Зенит"), Эндрик ("Лион"), Габриэл Мартинелли ("Арсенал"), Игор Тьяго ("Брентфорд"), Матеус Кунья ("Манчестер Юнайтед"), Рафинья ("Барселона"), Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид"), Райан Витор Симплисио Роша ("Борнмут").












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)


Бразилия құрамасы ӘЧ-2026-да
Еске салсақ, футболдан Бразилия құрамасы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатында С тобына түсті. Олар Африканың ең мықты командаларының бірі - Мароккомен, сондай-ақ Гаити және Шотландия құрамаларымен ойнайды.
Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net