Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Супер-Эль-Ниньо жақындап келеді: Қазақстанға қалай әсер етеді

0

Әлемдік климат орталықтары Тынық мұхитында қуатты Эль-Ниньо қалыптасып жатқанын хабарлады. Бұл құбылыс 2026–2027 жылдардағы ауа райына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. "Қазгидромет" мамандары оның Қазақстанға қалай ықпал ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлемдік метеорологтардың болжамы
ECMWF, NOAA және BOM климат модельдері қуатты Эль-Ниньоның жылдам дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Ол 1877–1878 жылдардан бергі ең күшті құбылысқа айналып, 2026–2027 жылдардағы ауа райына елеулі әсер етуі мүмкін. Бұған Тынық мұхитының шығыс бөлігіне қарай жылжып жатқан жылы терең су ағыны — Кельвин толқынының күшеюі себеп ретінде аталып отыр.
Анықтама: Эль-Ниньо — экваторлық Тынық мұхитының орталық және шығыс бөлігіндегі су бетінің қалыптан тыс жылынуымен сипатталатын климаттық құбылыс. Ол атмосфералық айналымға және әлемнің әр өңіріндегі ауа райына әсер етеді.
Сарапшылардың мәліметінше, қаңтардан бастап Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде су температурасы тез көтеріліп келеді. Ғалымдар 2026 жылдың күзіне қарай температура ауытқуы +3-тен +4,5 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін айтады. Бұл 1877–1878 жылдардан кейінгі ең қуатты Эль-Ниньо болуы ықтимал.
Эль-Ниньо жаһандық атмосфералық айналым мен ауа ағындарының бағытын өзгертуі мүмкін. Синоптиктердің бағалауынша, бұл құбылыстың шарықтау кезеңі 2026–2027 жылдардың күзі мен қысына тұспа-тұс келеді. Оның салдары әлемнің әр түкпірінде ауа райының тосын әрі күрделі құбылыстарына себеп болуы ықтимал.
Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, Эль-Ниньоның Қазақстанға ықпалы тікелей әрі біржақты болмайды. Дегенмен мұндай процестер атмосфераның жалпы айналымына әсер етіп, климаттағы өзгерістер ықтималдығын арттыруы мүмкін. Оның ішінде қалыптан тыс жылы кезеңдер, жауын-шашынның тұрақсыз түсуі және елдің кейбір өңірлерінде құрғақшылық белгілері байқалуы ықтимал.

"Сонымен қатар, Эль-Ниньо — климатқа әсер ететін факторлардың бірі ғана екенін түсіну маңызды. Қазақстандағы ауа райы өңірлік атмосфералық айналымға, топырақтағы ылғал мөлшеріне, қар жамылғысына және өзге де атмосфералық процестерге де байланысты. Сондықтан Қазақстан үшін нақты салдары туралы кесіп айтуға әлі ерте", — дейді сарапшылар.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бағалауынша, жаһандық жылыну жағдайында Эль-Ниньо экстремал ауа райы құбылыстарының күшеюіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан 2026 жылы климаттық жағдайды тұрақты бақылау және маусымдық болжамдарды дер кезінде ұсыну ерекше маңызды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net