Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Тапсырыс берген“: Алматы маңында итті өлтіруге қатысты жанжал шықты

0

Алматы облысы Мерей ауылының тұрғындары көрші екі әйелді жануарды қатыгездікпен өлтіруді ұйымдастырды деп айыптады. Өңірлік полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Итті өлтіру оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Жазба авторларының айтуынша, бұған екі жергілікті тұрғын бастамашы болған.
Олар тұрғын үйлер маңындағы аулада жүрген итті атып тастау үшін бір ер адамды шақырған көрінеді.
Жазбада оқиғаны өз көзімен көрген ауыл тұрғыны бұл жағдай баласының көз алдында болғанын айтады.

"Әйелдің айтуынша, ол болып жатқан жағдайды телефонға түсіре бастағанда, жанжал қатысушыларымен төбелес басталған – телефонын тартып алмақ болып, оны итерген. Жазба авторы итті жергілікті тұрғындар танып, тамақтандырып жүргенін, ал болған оқиға куәгерлердің ашуын тудырғанын айтады", – деп жазылған желідегі жазбада.

Полиция не дейді?
Алматы облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиға куәгерлерінен жауап алды. Оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп жатыр", – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.
Жануарларға қатыгездік көрсету
Бұған дейін Атырауда итті аяусыз сабаудың адам шошытарлық кадрлары әлеуметтік желілерде тарады. Видеода 39 жастағы әйел итті күрекпен ұрған. Оқиғадан кейін бірден жануарды атыраулық ерікті әрі жаттықтырушы Мамочур Канович өз қамқорлығына алды.
Тағы бір жағдай Алматыда болды, белгісіз біреу итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген.Қатыгездікпен қарағаны үшін жазаҚазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-1-бабын – "Жануарларға қатыгездікпен қарау" - қатаңдату жоспарланған. Бұл туралы сәуірде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шәрбиев айтты.
Атап айтқанда, егер іс-әрекеттерде қылмыстық құрам болмаса, ӘҚБтК-нің 407-1-бабы бойынша айыппұлдар айтарлықтай өседі:

жеке тұлғалар үшін – 5-тен 30 АЕК-ке дейін (2026 жылы 21 625-тен 129 750 теңгеге дейін);лауазымды тұлғалар үшін – 10-нан 50 АЕК-ке дейін (43 250-ден 216 250 теңгеге дейін).

Сондай-ақ жануарларды аулау, ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін де айыппұлдар көтеріледі:

жеке тұлғалар үшін — 10-нан 15 АЕК-ке дейін (43 250-ден 64 875 теңгеге дейін);лауазымды тұлғалар үшін — 20-дан 30 АЕК-ке дейін (86 500-ден 129 750 теңгеге дейін);заңды тұлғалар үшін — 30-дан 40 АЕК-ке дейін (129 750-ден 173 000 теңгеге дейін).

Бұдан бөлек, жануардан бас тарту немесе оны далаға тастап кету үшін жауапкершілік енгізіледі. Мұнда мынадай айыппұл қарастырылған:

жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК (129 750 теңге);лауазымды тұлғалар үшін — 50 АЕК (216 250 теңге);заңды тұлғалар үшін — 100 АЕК (432 500 теңге).

Тағы да оқыңыз: Мәжіліс қаңғыбас жануарлар туралы заңға байланысты Сенатпен келісті






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net