Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Қазақстанды аймақтағы фармацевтикалық хабқа айналдыру жоспарын жариялады

0
Мемлекет басшысы отандық фармацевтика өнеркәсібі мен медицина инфрақұрылымын дамытуды өте маңызды бағыт санайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Түркияның Abdi İbrahim және Nobel секілді дәрі-дәрмек өндіретін ірі компаниялары шетелдегі алғашқы зауыттарын Қазақстанда ашқан болатын. YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салып жатыр. Ал Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыт салмақшы. Біз бұл бастамаларды толық құптаймыз. Еліміз түрік компанияларымен тығыз жұмыс істеуге және оларға қолайлы жағдай жасауға әзір. Осы жобалар Қазақстанның аймақтағы дәрі-дәрмек өндіретін және оны экспорттайтын орталық ретінде қалыптасуына зор ықпал етері анық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент цифрлық экономиканы дамытуды аса маңызды міндет ретінде атап, жаппай цифрландыру үдерісіне айрықша көңіл бөлуге шақырды.

"Біз озық технологияларды түрлі салаға енгізу жұмысына ерекше мән беріп отырмыз. Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасауда. Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Біз екі ірі суперкомпьютерді іске қостық. Астанада Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз еліміздегі орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу үшін ауқымды шараларды жүзеге асыра бастадық. Осыдан екі күн бұрын мен тиісті Жарлыққа қол қойдым. Атап айтқанда, қазір еліміздің алдында білім беру жүйесін әрбір оқушының қарым-қабілетіне сай бейімдеу, дербес деректерді қорғау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, технологияны меңгерген педагогтерді даярлау міндеті тұр", - деді Президент.

Президенттің сөзінше, бұдан бөлек, Алатау қаласын көркейтуге айрықша назар аударылып отыр. Жаңа Конституцияда бұл шаһарға "қарқынды дамитын қала" құқықтық мәртебесі берілді.

"Бұл жоба криптоиндустрияның, инновация мен технологиялық бизнестің өркен жаюына зор мүмкіндік береді. Соңғы жылдары түрік бизнесінің қазақ маркетплейстерімен байланысы нығая түсті. Мысалы, Kaspikz Hepsiburada компаниясын сатып алды. Freedom Holding Түркияда цифрлық экожүйесін құрып, брокерлік қызметін жандандыра бастады. Біз түрік компанияларымен жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік, онлайн қызмет салаларында нақты жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қашанда дайынбыз", – деді Мемлекет басшысы.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net