Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Кей қазақстандық спортшылар шетелдегі жарыстарға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін

0
Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Рахымжан Ерденбеков Спорт министрлігінің шешіміне байланысты Қазақстанның есту қабілеті нашар спортшылары халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Сурдлимпиада комитеті өкілінің айтуынша, жаңа заңнама бойынша Қазақстанда есту қабілеті нашар спортшыларға арналған дербес федерация қалмайды.
Ол егер есту қабілеті нашар спортшылар федерациясы автономиясынан айырылса, Халықаралық саңыраулар спорт комитеті (ICSD) елді мүшеліктен автоматты түрде шығарып, жарыстарға жібермеуі мүмкін деп бекітеді.

"Спорт министрлігі "бір спорт – бір федерация" деген заң қабылдады. Енді бәрін дені сау спортшылардың қатарына қосқысы келеді. Бұл жерде елдің халықаралық міндеттемелері толық бұзылып отыр. Біз 2015 жылы БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын (30-бап, 4 және 5-тармақтар) ратификацияладық. Қазір министрлікке олардың заңға қайшы әрекет етіп жатқанын негіздеп, күресуге тырысып жатырмыз", - деді Ерденбеков тілшімізбен әңгіме барысында.

Біз ведомство мұндай шешімнің салдары туралы біле ме және бұл қадамның немен негізделгенін анықтау үшін Туризм және спорт министрлігіне хабарластық.
Олардың айтуынша, министрлік сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша федерациялармен сотта жеңіске жеткен, бұл олардың заң алдындағы дұрыстығын растайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Рахымжан Ерденбековтің (@rakhimzhan_yerdenbekov) жарияланымы


- Неліктен Туризм және спорт министрлігі Сурдлимпиада федерацияларын қарапайым федерациялармен біріктіру туралы шешім қабылдады?

"Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының аумағында тиісті ұлттық аккредиттелген спорт федерациясы жоқ спорттың бір түрі бойынша бір ұлттық спорт федерациясы аккредиттелуге жататыны көзделген.Ұйымдарды біріктіру кезінде негізгі бағыттар бойынша функционалдық автономияны сақтау қарастырылған. Соның ішінде, біріктірілген федерацияның штаттық кестесіне жеке штат бірлігі енгізіліп, қосылатын бағыттың қызметін үйлестіруге жауапты бейінді вице-президент лауазымы қарастырылады", - делінген Спорт министрлігінің редакция сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ жауапта 2026 жылдың сәуірінде "Саңыраулардың ұлттық жеңіл атлетика федерациясы" мен "Қазақстандық ұлттық сурдо грек-рим және еркін күрес федерациясы" РҚБ-ның Спорт министрлігімен оларды жеке федерациялар ретінде тану туралы сотта жеңілгені айтылған, бұл шешімнің заңдылығын айғақтайды.
- Спорт министрлігі егер сурдлимпиадалық федерациялар автономиясынан айырылса, Халықаралық саңыраулар спорт комитеті Қазақстанның мүшелігін тоқтата тұруы мүмкін екендігінен хабардар ма?

"Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің (ICSD) толыққұқықты мүшесі болып саналады, бұл аталған ұйымның жарғысына сәйкес келеді. Қазақстанда сурдлимпиадалық 13 спорт түрі дамып ажытр: (бадминтон, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, жүзу, таэквондо, үстел теннисі, футбол, футзал, шахмат, керлинг, шаңғы жарысы).Жеке аккредиттелген федерациялар 2023-2026 жылдары тек үш спорт түрінде болды: сурдодзюдо, сурдофутзал және футбол, сурдотаэквондо. Қалған түрлер мемлекеттік қаржыландыру және қолдау аясында дамып келеді", - деп толықтырды ведомство.

Қазақстанда саңыраулар спорты қалай қолдау табады?
Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттің ұлттық сурдлимпиадалық қозғалысты мойындайтынын және қолдайтынын, Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетіне оның жарғылық мақсаттарын іске асыруда жан-жақты көмек көрсететінін атап өтті.
Ұйымдарды біріктіру кезінде негізгі бағыттар бойынша функционалдық автономияны сақтау қарастырылған, ал Сурдлимпиада ойындарындағы жеңіс үшін Олимпиада және Паралимпиада жеңістерімен тең мөлшерде ақшалай сыйақылар көзделген.

"Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына берілетін ақшалай ынталандыру мөлшері Олимпиада ойындарымен теңестірілді, бұл тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне де қатысты", - деді ведомство өкілдері.

Сурдлимпиада ойындары дегеніміз не?
Сурдлимпиада ойындары — есту қабілеті бұзылған жандар арасында Олимпиада ойындарына ұқсас 4 жылда бір рет өткізілетін спорттық жарыстар. Бұл ретте олардың бағдарламасы айтарлықтай қысқа.
Мысалы, жазда жарыстар бадминтон, жеңіл атлетика, боулинг, гольф, тас жолдағы велоспорт, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, маунтинбайк, үстел теннисі, жүзу, спорттық бағдарлау, нысана көздеу, теннис, таэквондо, баскетбол, волейбол, жағажай волейболы, футбол және гандбол бойынша өткізіледі.
Қысқы тізім бұдан да қысқа: тау шаңғысы спорты, шаңғы жарысы, сноуборд, керлинг және шайбалы хоккей.
Бұл ретте сурдлимпиадалық қозғалыс Паралимпиада комитетінің құрамына кірмейді және одан 1994 жылы шыққан.
Соңғы Сурдлимпиада 2025 жылы Токиода (Жапония) өтті. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 8 алтын, 4 күміс және 13 қола медальмен 9-орынға ие болды.
Сурдлимпиада комитеті вице-президентінің айтуынша, қазіргі жағдай нәтижелерге әсер етуі мүмкін және есту қабілеті нашар жандарға арналған спортты қаржыландыруға қазірдің өзінде кесірін тигізіп жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, сурдо дзюдодан Қазақстан құрамасы қараша айынан бері бірде-бір толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізбеген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Айжан Шокинаның жарияланымы (@aizhan_chokina)





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net