Добавить новость
123ru.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ШҚО-да дәрігер әйелдің өкпесін тесіп алды деп айыпталды: оқиға қалай аяқталды

0
Шығыс Қазақстан облысында инемен емдеу кезінде әйелдің өкпесін тесіп алды делінген шулы оқиғаға қатысты тергеу аяқталды. Оқиға бойынша тергеудің аяқталғаны туралы процедураны жүргізген дәрігердің қызы хабарлады, деп хабарлайды тілші.Tengri Health.
Не болды?
2025 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желілерде Выдриха ауылындағы шипажайда демалып, ем қабылдау кезінде зардап шеккен Қазақстан тұрғыны туралы жазба жарияланды. Оқиға туралы пациенттің қызы айтып берді. Оның сөзінше, инемен емдеу процедурасы кезінде әйелдің жағдайы нашарлаған. Кейін Өскеменде оған пневмоторакс диагнозы қойылған.
Анықтама: Пневмоторакс - бұл өкпе мен кеуде қабырғасының арасына ауа жиналатын жағдай. Соның салдарынан өкпе қалыпты жазыла алмай, жартылай немесе толықтай "солып" қалады.
Сондай-ақ ол ине терапиясы маманы әйелден болған жағдайды дәрігерлерге айтпауын өтінгенін алға тартты. Оқиғадан соң отбасы құқық қорғау органдарына жүгінген.
Толығырақ материалдан оқыңыз: Инемен емдеу кезінде қазақстандықтың өкпесін тесіп алды
Тергеу қалай аяқталды?
Инемен емдеу процедурасын жүргізген дәрігердің қызы әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялап, тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Оның айтуынша, желтоқсан айынан бері тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп, медициналық құжаттар, КТ нәтижелері, рентген суреттері, жедел жәрдем деректері және ине терапиясын жүргізу техникасы зерттелген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ulyana | Zh. (@ulazhum) жарияланымы



"Ресми тергеу қорытындысы бойынша ине терапиясы сеансы мен интернетте жарияланған пациенттің жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ", - деді әйел бейнеүндеуінде.

Қаулыда не делінген?
Редакциямыздың иелігіне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы да келіп түсті. Құжатқа сәйкес, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 2-бөлігі - "Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша тергелген.
Іс материалдарына сүйенсек, 2025 жылдың 16 желтоқсанында "Үбі" шипажайының дәрігері пациентке ине терапиясы процедурасын жүргізген. Манипуляциядан кейін әйел қатты ауырсынуды сезініп, ауа жетпей қалған, содан соң Өскемен ауруханасына "Жарақаттан кейінгі пневмоторакс" диагнозымен жатқызылған.
Сараптама не көрсетті?
Тергеу барысында комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, пациентте шынымен де пневмоторакс анықталған, алайда оның пайда болуына кенеттен болатын пневмотораксқа әкеп соқтыруы мүмкін созылмалы бронхиалды астма себеп болуы ықтимал.
Сонымен қатар, сарапшылар инемен емдеу процедурасы мен пневмоторакстың пайда болуы арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс орнатылмағанын көрсеткен. Сондай-ақ, құжатта көрсетілгендей, кеуде қуысына иненің әсерінен енген шаншылған жарақат түріндегі дене зақымдары анықталған жоқ.
Қаулыда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің жоспардан тыс тексеруі дәрігердің әрекетінен денсаулыққа зиян келтіру бөлігіндегі шағымды негізсіз деп танығаны айтылған.
Полиция қандай шешім қабылдады?
Тергеу анықтағандай, қызмет көрсету кезінде дәрігердің "Дәстүрлі терапия" мамандығы бойынша сертификаты болмаған. Соған қарамастан, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы табылмады, өйткені дәрігердің іс-әрекеті мен пациенттің жағдайының нашарлауы арасында себеп-салдарлық байланыс дәлелденбеген.
Нәтижесінде іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Оқиғаның мән-жайын білу үшін редакция Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне түсініктеме алу үшін жүгінді.
Ведомствоның мәліметінше, облыстың 55 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу барысында істің мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері кешенді түрде атқарылды.

"Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Сонымен қатар, "Үбі шипажайының" директорына заң бұзушылықтарды жою туралы тиісті ұсыныс жіберіліп, оның аясында бірқатар жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған процессуалдық шешімді қадағалаушы прокурор бекітті", - делінген полицияның жауабында.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net