Бірлігіміз жарасқан – Мәңгілік елдің тірегі
30 сәуір күні Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Қ. Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше сән-салтанатымен өтті. Бұл тағылымы мол шара мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің үйлесімді еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылды.
Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойына ұлттар арасындағы достықты, татулықты, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты сіңіру, сондай-ақ көпұлтты еліміздің мәдени мұрасын дәріптеу болды. Осы мақсатта ұйымдастырылған бағдарлама мазмұны жағынан бай, көркемдік тұрғыдан әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Іс-шара барысында мектептің барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, әр сынып белгілі...
