Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Екібастұзда қария терезеден құлай жаздаған баланы құтқарып қалды: видео

0
Екібастұзда ашық терезе алдында қалған баланы құтқару үшін 59 жастағы павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің екінші қабатына өрмелеп шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Tengri Life.
Видео
Оқиға Екібастұзда болған. Ер адам қалаға демалыс күндері үлкен ұлына қонаққа барған екен. Ол немересімен бірге ойын алаңында серуендеп жүріп, екінші қабаттағы ашық терезенің алдында отырған баланы байқап қалады. Бұл жағдайға бейжай қарай алмаған ол бірден көмекке ұмтылады.

"Бала терезе алдында ойыншықтарын сыртқа лақтырып ойнап отырды. Алдымен оған: "үйге кір" дедім, бірақ ол тыңдамады. Оның кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін екенін түсініп, дереу солай қарай жүгірдім", - дейді Тоқан Байділдин.

Ер адам бірінші қабаттағы терезенің темір торы арқылы екінші қабаттың балконына көтеріліп, бала отырған терезеге жеткен. Желіде тараған видеода оның балконның тар ернеуінде тұрып, ата-анасына баланы алып кетулерін айтып айқайлап жатқаны көрінеді.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы


Кейін бала үйде анасымен болғаны, бірақ ол бір сәтте басқа нәрсеге алаңдап кеткені анықталды.
Ер адамның айтуынша, анасы есеңгіреп қалса керек, баланы бірден қолына алып, терезені жауып тастаған. Сондықтан құтқарушы ата пәтерге кіріп, есік арқылы төмен түсу үшін терезені қағуға мәжбүр болған.

"Мен үшін бастысы үлгеру болды, әр секунд санаулы еді, оның үстіне ол кішкентай бала ғой. Өзім де үш немеренің атасымын, сондықтан оны өз баламдай уайымдадым. Ал өз басымды ойлауға уақыт та болмады", - деді ол бізге берген сұхбатында.

Ата-анасына қандай шара қолданылады?
Екібастұзда құтқарылған баланың ата-анасы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға шақырылады. Екібастұз әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиеваның айтуынша, қарау нәтижесі бойынша оларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Құтқарушы ата туралы не белгілі?
Біз павлодарлық құтқарушы атаның туыстарымен байланыстық. Оның Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтінін білдік. Биыл ол 60 жасқа толады.

"Оның реакциясы өте жақсы, ол әрқашан жинақы әрі мұқият. Әр қадамын алдын ала есептейді, меніңше, дәл осы қасиеті оған тез шешім қабылдап, баланы құтқаруға көмектесті", - дейді ер адамның келіні Салтанат Байділдина.

Жастайынан павлодарлық тұрғын футбол, волейбол және тенниспен айналысқан. Қазір ұйықтар алдында тұрақты түрде серуендеп, спорттық қалыпты сақтап жүреді.
Былтыр 17 бала терезеден құлаған
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова өз парақшасында 2025 жылғы статистиканы жариялады. Оның мәліметінше, көпқабатты үйлердің терезесінен 17 бала құлап, оның 4-еуі мерт болған.

"Ата-аналар, есіңізде болсын, әр баланың жолында осындай жанашыр жан кезіге бермейді", - деп пікір білдірді ол.

Тағы оқыңыз: "Айналайын…". Абай облысында жоғалған баланы құтқару сәті видеоға түсіп қалған





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net