Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Бензин орнына газ: 2026 жылы ГБЖ қаншалықты өзекті және тиімді?

0
Газ бұрыннан бензиннің танымал баламаларының бірі ретінде қарастырылып келеді. Себебі де түсінікті: газ айтарлықтай арзан, сондықтан газ баллон жабдығын (ГБЖ) орнату тартымды нұсқа болып көрінеді. Бірақ мұның бәрі расында соншалықты қарапайым ба? Tengri Auto тілшісі жүйенің қалай жұмыс істейтінін, оның нақты қанша үнемдейтінін және кімге тиімді екенін анықтап көрді.
ГБЖ дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
ГБЖ автомобильге бензиннің орнына немесе онымен қатар газбен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көбінесе пропан мен бутан қоспасы немесе метан қолданылады.
Негізінде ГБЖ - бұл қосымша отын жүйесі. Бензин немесе дизель жүйесі штаттық күйінде қалады, бірақ газды пайдалану және қозғалыс кезінде отын түрлері арасында ауысу мүмкіндігі пайда болады.
ГБЖ-ның жұмыс істеу принципі
Газ баллон жабдығының (ГБЖ) жұмысы жалпы алғанда қарапайым отын жүйесінің принципін қайталайды, тек бензиннің орнына газ пайдаланылады.
Процесс жүксалғышта немесе автомобильдің түбінде орналасқан баллоннан басталады. Онда отын жоғары қысыммен сұйытылған күйде сақталады.
Әрі қарай газ магистраль арқылы жүйенің негізгі элементтерінің бірі - редукторға түседі. Мұнда қысым төмендеп, газдың өзі сұйық фазадан газ тәрізді күйге ауысып, қозғалтқышқа берілуге дайындалады.
Фото ЖИ көмегімен жасалған
Редуктордан кейін газ тұрақты күйде форсункаларға жетеді. Олар отынды дәл мөлшерлеп, сору коллекторына жібереді, онда ол ауамен араласып, бензин сияқты цилиндрлерде жанады.
Жүйенің жұмысын электроника бақылайды. ГБЖ басқару блогы автомобильдің штаттық электронды басқару блогынан (ЭББ) мәліметтерді оқып, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, газдың берілуін нақты уақыт режимінде реттейді.
Қажет болған жағдайда жүргізуші қайтадан бензинге ауыса алады, мысалы, суықта оталдырғанда немесе мотордың максималды қуаты қажет болатын жағдайларда.
ГБЖ-ның 2-ден 6-ға дейінгі буындары: нақты айырмашылығы неде?
Газ баллон жабдығы соңғы онжылдықтарда айтарлықтай дамыды, ал буындар арасындағы айырмашылық бұл жай ғана сандар емес, іс жүзінде дәлдіктің, қауіпсіздіктің және отын беруді басқарудың әртүрлі деңгейі.
2-буындағы ГБЖ - бұл ең қарапайым жүйе. Мұнда газдың берілуі әр цилиндрге дәл электронды бақылаусыз, механикалық түрде реттеледі. Негізінде газ сору коллекторына бүкіл қозғалтқыш үшін бірден беріледі. Мұндай жүйелер көбінесе ескі инжекторлы және карбюраторлы автомобильдерге орнатылатын. Қарапайымдылығы - басты артықшылығы, бірақ кемшілігі - отын мөлшерінің дәлдігі шектеулі, соның салдарынан шығын мен динамика зардап шегуі мүмкін.
3-буындағы ГБЖ жүйеге көбірек "интеллект" қосу әрекеті болды. Газ беруді электронды түзету мүмкіндігі пайда болды, бірақ әлі де толыққанды бөліністі бүрку жүйесі жоқ еді. Қазір мұндай жүйелер сирек кездеседі және технология дамуының аралық кезеңі болып саналады.
4-буындағы ГБЖ - бұл қазіргі заманғы қондырғылардың көпшілігі үшін стандарт. Мұнда бөліністі бүрку қолданылады: әр цилиндрдің өз газ форсункасы бар, ал басқару толықтай электронды. Жүйе бензин басқару блогынан мәліметтерді оқып, оның жұмысын газбен барынша дәл қайталайды. Бұл қозғалтқыштың тұрақты жұмысын, қалыпты шығын мен болжамды динамиканы қамтамасыз етеді.
5-буындағы ГБЖ - газ сұйық фазада берілетін күрделірек жүйе. Бұл қозғалтқыштың реакциясын жақсартуға және отынның булануы кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай қондырғылар қымбатырақ және компоненттердің сапасы мен техникалық қызмет көрсетуге өте сезімтал.
6-буындағы ГБЖ - ең заманауи шешім, мұнда газ бензин сияқты штаттық бүрку жүйесі арқылы, үйреншікті редукторларсыз бүркіледі. Бұл максималды дәлдікті, қуаттың минималды жоғалуын және бензин жүйесінің жұмысымен толық сәйкестікті қамтамасыз етеді. Бірақ әзірге мұндай шешімдер сирек кездеседі және кең таралған жүйелерге қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады.
Пропан әлде метан - өз көлігіңізге қандай газ таңдаған дұрыс?
Газ бензин мен дизельдің баламасы ретінде бұрыннан таңсық дүние болудан қалды. Себебі айқын: бұл арзанырақ және жалпы алғанда экологиялық тұрғыдан таза. Көрнекі болу үшін: газдың литрі шамамен 112 теңге тұрады, ал АИ-92 - шамамен 239 теңге, дизель болса - 335 теңгеге дейін. Әсіресе автомобильді жиі пайдаланған кезде айырмашылық айтарлықтай байқалады.
Бірақ басты сұрақ: нені таңдаған дұрыс - пропанды ма, әлде метанды ма?
Пропан туралы не білу маңызды?
Пропан автокөлікте таза күйінде емес, басқа газдармен қоспа түрінде қолданылады. Бұл ГБЖ-ның ең көп таралған нұсқасы және оның өз себептері бар.
Артықшылықтары:

орнату метанға қарағанда арзанға түседі;
жанармай бекеттері көп - оларды тіпті ірі қалалардан тыс жерлерде табу қиын емес;
баллондар жеңілірек және жинақы;
орнату мен қызмет көрсету оңайырақ.

Кемшіліктері:

қоспа жарылысқа бейім, сондықтан жүйенің дұрыс жұмыс істеуі өте маңызды;
үнемдеу бар, бірақ метанмен салыстырғанда аса жоғары емес.

Метанның айырмашылығы неде?
Метан - анағұрлым "таза" газ, жанған кезде зиянды қалдықтарды барынша аз бөледі.
Артықшылықтары:

ұзақ мерзімді перспективада отын жағынан ең арзаны;
экологияға зияны азырақ;
газдың өзіндік қасиеттері бойынша қауіпсіз деп саналады.

Кемшіліктері:

жабдығы қымбат;
жанармай бекеттері аз, әсіресе ірі қалалардан тыс жерлерде;
баллондары ауыр (газ өте жоғары 200–250 атмосфераға дейінгі қысымда сақталады).

Қысымға байланысты баллондар қабырғасы қалың етіп жасалады, сондықтан олар ауыр және орынды көп алады.
Нені таңдаған дұрыс?
Пропан қарапайым әрі түсінікті шешім болып көрінеді: орнату арзанырақ түседі, жанармай бекеттерінде мәселе жоқтың қасы және күнделікті пайдалануда ыңғайлырақ.
Метан болса, ұзақ қашықтықта көбірек үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ қымбат жабдықты қажет етеді және сирек кездесетін инфрақұрылымға тәуелді.
Егер сіз көп жүрсеңіз және жақын маңда метан бекеттері болса, бұл нұсқаны қарастырған жөн. Ал егер әмбебаптық пен пайдалануда артық қиындықтардың болмағаны маңызды болса, логикалық тұрғыдан пропанды таңдаған дұрыс.
Қазақстанда ГБЖ орнату және заңдастыру
Қысқаша айтқанда, ГБЖ орнату - бұл тек "қойдың да, кеттің" емес. Автокөлік құрылымына кез келген араласуды заңдастыру қажет, өйткені бұл қауіпсіздікке тікелей байланысты.
Алдымен рұқсат алу керек. Ол үшін автокөлік иесі әкімшілік полиция басқармасына жүгініп, қайта жабдықтауға өтініш береді. Жауап ретінде ГБЖ орнатуға бола ма және оны қалай дұрыс жасау керектігі туралы түсініктеме беріледі.
Келесі кезекте - орнату. ГБЖ мамандандырылған ТҚО-да монтаждалады, содан кейін сізге барлық қажетті құжат: орындалған жұмыс актісі, жабдық паспорты және орнатуға қатысты қағаздар беріледі.
Осыдан кейін автокөлікті аккредиттелген зертханаға көрсету керек - ол жерде бәрінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Егер бәрі дұрыс болса, қорытынды беріледі.
Келесі қадам - міндетті техникалық байқау. Ол ГБЖ орнатылған автокөліктің жарамдылығын және пайдалануға рұқсат етілгенін растайды.
Соңғы кезең - қайтадан полицияға барып, сәйкестік туралы куәлік рәсімдеу. Осы құжаттар пакетімен техпаспортқа өзгерістер енгізу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға бару қажет. Нәтижесінде сізге ГБЖ туралы белгісі бар жаңа тіркеу куәлігі беріледі.
ГБЖ қаншалықты қауіпсіз?
Біз негізгі тармақтарды, терминдер мен процестерді қарастырдық. ГБЖ орнатудың мән-жайын толығырақ түсіну үшін, бұл шешімнің қаншалықты қауіпсіз екенін білу мақсатында сарапшыға жүгіндік.

"Белгілі бір шарттар сақталса: сапалы сертификатталған жабдық қолданылса, білікті мамандар орнатса, ГБЖ-ның өзі уақытылы техникалық қызмет көрсетуден өтсе, автокөлікте газ баллон жабдығын пайдалану қауіпсіз".
Дәйексөз авторын қосу


Сурет қосу



Ерлан Нұрпейісов
Қазақстандағы газ баллон жабдықтарын орнату компаниясының иесі, ауыр жүк дизель көліктеріне маманданған.



ГБЖ-ның өзі бензиннен қауіпті емес. Мәселе жабдыққа ақша аяғанда, "гаражда" орнатқанда немесе жүйеге қызмет көрсетуді ұмытқанда басталады.

"Газ баллон жабдығын орнатудың стандартты ережелері бұзылғанда, сапасыз материалдар мен пайдалану мерзімі өткен элементтер, мысалы, газ баллондары қолданылғанда қауіп туындайды".

Басты қауіп - адами фактор. Орнату кезіндегі қателіктер, сапасыз немесе тозған компоненттерді пайдалану, сондай-ақ қызмет көрсету регламентін бұзу - газдың шығуы мен ақаулардың негізгі себептері.
Тіпті сенімді жабдықтың өзі, егер монтаждау ереже бұзыла отырып жасалса немесе жүйе ұзақ уақыт тексеруден өтпесе, мәселе тудыруы мүмкін. Сондықтан ГБЖ-ны тексерілген мамандарға орнаттыру және тұрақты түрде диагностика жасау өте маңызды.
Қауіпсіздікке қандай элементтер жауап береді?

"ГБЖ-да бағдарламалық жасақтамадан бастап газ баллондарындағы қорғаныс жүйелеріне дейінгі барлық элемент маңызды. Жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі солардың сапасына және дұрыс орнатылуына байланысты".

Мұнда екінші дәрежелі бөлшектер жоқ. Тіпті магистральдар, қосылыстар немесе басқару блогының дұрыс бапталуы сияқты бір қарағанда елеусіз көрінетін нәрселердің өзі жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысына тікелей әсер етеді.
ГБЖ дизельмен - бұл мүмкін нәрсе
Сарапшы газға тек бензиннен емес, дизельден де ауысатынын түсіндірді.

"Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде бар: техника отынның екі түрімен де жұмыс істей алады, мысалы, 70 пайыз метан және 30 пайыз дизель пропорциясында. Пропан-бутан да қолданылады, бірақ оның алмастыру үлесі азырақ".

Бұл жерде дизель отынын толықтай ауыстыру емес, оны газбен ішінара алмастыру туралы сөз болып отыр - мұндай схема жүк көліктерінде бұрыннан қолданылып келеді. Бұл жағдайда қозғалтқыш дизельмен жұмыс істей береді, бірақ отынның бір бөлігі газбен алмастырылады, бұл шығынды төмендетіп, зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.
Газ ауамен бірге беріледі, ал дизель қоспаны тұтандыру үшін қолданылады. Нәтижесінде қозғалтқыштың тарту сипаттамалары сақталады, бірақ пайдалану әлдеқайда үнемді болады. Мұндай тәсіл әсіресе отын шығыны мен қозғалтқыш ресурсы маңызды коммерциялық көліктер үшін өте өзекті.
Бұл іс жүзінде не береді?
Ерлан Нұрпейісовтің пікірінше, ГБЖ-ға ауысу экологияға үлес қосып, жүргізушінің бюджетін үнемдеуге көмектеседі.

"Отын шығыны азаяды, ал шығарындылар айтарлықтай тазарады. Мысалы, күйе мөлшері 6–10 есе азаюы мүмкін, сондай-ақ азот диоксиді мен көміртегі мөлшері де төмендейді".

Қорытындылай келгенде, бұл тек үнемдеу емес, зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайту деген сөз, бұл әсіресе ірі қалалар үшін өзекті мәселе.

"Бүгінде үшінші және төртінші буын жүйелері қолданылады. Айырмашылықтар негізінен тікелей бүрку жүйесі бар қозғалтқыштарға арналған күрделірек элементтерге байланысты".

Жүргізушілердің көпшілігі үшін бұл аса маңызды емес - бастысы, жүйе нақты қозғалтқышқа сәйкес келуі керек.
ГБЖ өзін-өзі қашан ақтайды?
Сарапшы ГБЖ орнату қозғалтқыш көлемі үлкен немесе жүрісі көп автокөліктер үшін тиімді екенін айтты. Дәл осындай жағдайларда отыннан үнемделген қаражат жүйені орнату мен қызмет көрсету шығындарын тезірек жабады.

"Әдетте қозғалтқышы 1,5 литрден аз және жылына 10–15 мың шақырымнан аз жүретін көліктерге ГБЖ орнату экономикалық тұрғыдан тиімсіз".

Егер автокөлік сирек пайдаланылса, айтарлықтай үнемдеуден үміттенудің қажеті жоқ: ГБЖ орнату шығыны өзін-өзі ақтап үлгермейді. Жабдықтың құны мен монтаждау жұмыстары отын бағасының айырмашылығы есебінен қайтуы үшін белгілі бір қашықтық жүріп өту керек.
Сирек сапарлар кезінде бұл әсер байқалмайды десе де болады: сіз аз-аздан үнемдейсіз, бірақ бұл өте баяу жүреді. Нәтижесінде орнату, қызмет көрсету және мерзімді тексеру шығындары нақты пайдадан жоғары болуы мүмкін.
Түптеп келгенде, ГБЖ - әмбебап шешім емес, белгілі бір жағдайларда ғана тиімді болатын құрал. Иә, газ отын шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді және жалпы экологиялық тұрғыдан таза болып көрінеді. Бірақ пропан мен метан арасындағы таңдау, орнату талаптары, тұрақты техникалық қызмет көрсету қажеттілігі және инфрақұрылымға тәуелділік сияқты жайттар бар.
Сондықтан мұндағы тәсіл қарапайым: ГБЖ не үшін қажет екенін нақты түсініп, оны қауіпсіз пайдалану талаптарының бәрін сақтауға дайын болған кезде ғана орынды.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net