Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тоқаев Беларусь сыртқы істер министрін қабылдап, Лукашенкоға сәлем жолдады

0

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті.

"Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Беларусь мемлекетінің басшысы Александр Григорьевич Лукашенкоға ыстық ықыласымды жолдаймын. Биыл мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткіземіз. Сол кезде көпжақты күн тәртібінен бөлек, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты басқа да мәселелерді міндетті түрде талқылаймыз", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді әрі өзара сенімге құрылған диалогты жалғастыру, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттілігіне тоқталды.
Бұл ретте Беларусь сыртқы істер министрі арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Александр Лукашенконың ізгі сәлемін жеткізді.

"Ең әуелі Президентіміз Александр Григорьевич Лукашенконың атынан Сіздерге мемлекетті өркендету, Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісінде толайым табыс тілеймін. Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын атап өткім келеді. Мұндай әлеуметтік саясат елдерімізді жақындастырып, барлық бағыттағы байланыстарымызды бекемдей түседі. Ал мемлекеттер басшылары арасындағы жеке қарым-қатынас бәрімізге үлгі. Өзара ықпалдастықтың барлық деңгейінде Сіздердің қолдауларыңызды сезініп отырамыз", – деді Максим Рыженков.

Әңгімелесу барысында өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілді.
Қазақстан өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраған.
Қазақстан Президенті Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл мемлекеттеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Максим Рыженков өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net