Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Студент БҚО әкімін сотқа берді

0
Медициналық жоғары оқу орнының студенті Батыс Қазақстан облысының әкімін сотқа берді. Қыз білім беру грантына конкурс жарияланбағаны туралы сирек кездесетін талап арыз берген. Істің егжей-тегжейін облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Даудың мәні
Батыс Қазақстан облыстық соты Б. есімді азаматтың өңір әкіміне қарсы білім грантына құқығын қорғау туралы талап арызын қарады.
Студент Б. қазіргі уақытта медицина университетінде ақылы негізде білім алып жатыр. Соттың анықтауынш, ол бұған дейін де білім грантын алуға тырысқан, алайда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары оны конкурсқа қатыстырудан заңсыз бас тартқан. Бұл факт заңды күшіне енген басқа сот шешімімен расталды.
Жаңа сот талқылауы барысында 2025/2026 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен "медицина" мамандығы бойынша гранттар бөлінгені және уақыт өте келе оның біреуі босағаны анықталды.

"Сот уәкілетті органның заңнамада белгіленген мерзімде бос грантты бөлу бойынша конкурс өткізбегенін анықтады, бұл - тегін білім алуға үміткер тұлғалардың құқығын бұзу", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ерекше талаптар мен сот шешімі
Студент соттан тек бос орынға конкурс жариялауды емес, грантты бірден өзіне беруді, сондай-ақ іріктеу ережелерін өзгертіп, тек бірінші курстың бағаларын ескеруді сұрады. Алайда сот заң бойынша гранттар тек конкурстық негізде берілетінін көрсетіп, бұл талаптарды қанағаттандырмады.
Талқылау қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мынадай шешім шығарды:

БҚО әкімдігіне бос медициналық грантқа 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде конкурс өткізу міндеттелсін;
талап қоюшының осы конкурсқа жалпы негізде қатысу құқығы танылсын.


"Сот шешімі жоғары білімге тең қолжетімділік принциптерін қамтамасыз етуге және білім беру гранттарын бөлудің заңмен белгіленген тәртібін сақтауға бағытталған", – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді. Енді әкімдік алдағы жазда үміткерлер арасында іріктеу ұйымдастыруға міндетті.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net