Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Камералар бәрін көреді: шетелдік көліктер шекарада қиындықтарға тап болуы мүмкін

0

Қазақстан жолдарында шетелдік, әсіресе қытайлық нөмірлі көліктер жиі көрінеді. Бұл 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында енгізілген визасыз режимнің арқасында еліміздің қытайлық туристер арасында танымал болуымен байланысты болуы мүмкін. Алайда бұған қатысты қисынды сұрақ туындайды: мұндай көліктерді бейнебақылау камералары тіркей ме және олардың жүргізушілеріне жергілікті тұрғындар сияқты айыппұл келе ме? Tengri Auto тілшілері бұл мәселенің анық-қанығын анықтап көрді.
Камералар шетелдіктердің заңбұзушылықтарын тіркей ме?
Көптеген жүргізушілер камералар шетелдік нөмірлі көліктердің заң бұзушылықтарын тіркемейді деп қателеседі. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жүйелер көптеген елдің нөмірлерін таниды және заң бұзушылықтарды тіркейтінін түсіндірді.
Шетел азаматтары айыппұлды Қазақстаннан шығар кезде шекарада төлейді.

"Бүгінгі таңда ұлттық заңнамада шетелдік азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынған айыппұлды өтемеген жағдайда, олардың ел аумағына кіруіне тыйым салу бойынша құқықтық шаралар іске асырылған", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ақтоты Боранова.

Шетелдік азаматтарға, соның ішінде транзитпен өтушілерге, алдыңғы сапары кезінде алған төленбеген айыппұлдары болса, Қазақстанға кіруіне шектеу қойылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мұндай заң бұзушылықтарды қадағалап, шекарадан өту кезінде ескеруге мүмкіндік беретін деректер алмасу механизмін әзірлеп жатыр.Полиция ақпаратынша, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңға сәйкес, Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарын төлемеген шетелдіктер елден шығу үшін электронды кезекке тіркеле алмайды.
Шетелдік көліктерді кімдер тізгіндейді?
Tengri Auto редакциясы Қазақстанда шетелдік нөмірмен нақты кімдер жүретінін білу үшін автосарапшы Дінмұхаммед Сүлеймановқа хабарласты. Оның айтуынша, ел жолдарында қытайлық, қырғызстандық және басқа да шетелдік тіркеудегі көліктер расымен де жиі кездеседі.
Қырғыз нөмірлері
Сарапшының айтуынша, бірнеше жыл бұрын Қазақстанда ел аумағында ұзақ уақыт бойы жүрген қырғыз нөмірлі көліктер үшін амнистия жарияланған болатын. Мұндай көлік иелеріне көлікті заңдастыруға, яғни жергілікті ережелер бойынша ресімдеп, қазақстандық есепке қоюға мүмкіндік берілді.

"Қазір егер жолда қырғыз нөмірлі көлік жүрсе, бұл әдетте Қырғызстан азаматының келгенін білдіреді", - деп атап өтті сарапшы.

Сарапшының айтуынша, қолданыстағы ережелер бойынша қазақстандықтардың шетелдік тіркеудегі көліктерді тұрақты негізде айдауға құқығы жоқ. Сонымен қатар мұндай көліктердің әдетте толыққанды сақтандыруы болмайды, бұл қосымша қауіп-қатер тудырады.
Көлікті тек қысқа мерзімге - шамамен бір аптаға дейін пайдалануға рұқсат етіледі, содан кейін автокөлік елден шығуы керек немесе жергілікті талаптарға сәйкес ресімделуге тиіс.

"Қазақстан - Қырғызстан шекарасынан өту кезінде де шектеулер бар: егер қазақстандық нөмірлі көлікпен жүрсеңіз, оның иесі болуыңыз керек, әйтпесе (тиісті құжаттардың толық пакеті болмаса) өткізбеуі мүмкін. Осындай талаптар Қырғызстан азаматтарына да қолданылады", - деді ол.

Армян нөмірлері
Армениядан келген автокөліктер Қазақстанда кейде кедендік рәсімдеуден өткенімен, алғашқы тіркеу және утилизациялық алымды төлемей-ақ жүреді.
Сарапшының айтуынша, Алматыда жағдай жалпы бақылауда болса, батыс өңірлерде түрлі жағдайлар кездеседі: көліктердің бір бөлігі ресми түрде әкелініп, Уақытша сақтау қоймалары (УСҚ) арқылы кеденнен өтсе, жалған армян немесе грузин нөмірлерімен жүргендер де бар.

"Егер көлік УСҚ-ға кірсе, оны кедендік рәсімдеуден өткізуге болады, бірақ алғашқы тіркеу мен утилизациялық алымды төлемей, қазақстандық есепке қоймауға болады - ресми түрде ол армян нөмірінде қала береді", - дейді Дінмұхаммед Сүлейманов.

Дегенмен, мұндай нөмірлер ешқандай артықшылық бермейді: кейін Қазақстанда тіркеу кезінде автокөлік бәрібір кедендік рәсімдеуден толықтай қайта өтеді.
Қытай нөмірлері
Сарапшының айтуынша, қытай нөмірлі көліктер көбінесе Шыңжаң өңірінен келеді, мұны нөмір белгілеріндегі олардың шыққан жерін көрсететін иероглифтерден білуге болады.

"Негізінен Қытай азаматтарының өзі, қытайлық қазақтар (қандастар), сондай-ақ ұйғырлар келеді".

Сарапшы түсіндіргендей, қытайлық көліктерді Қазақстанға әкелу тиімсіз, өйткені бізде шектеу шаралары бар.

"Біріншісі - егер көлік ескі болса, алғашқы тіркеу алымы. Екіншісі - қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер үшін әдетте жоғары болатын утилизациялық алым", - деп атап өтті ол.

Қытайдан кірер кезде олар шағын депозит қалдырып, шығуға рұқсат алады, бұл бірнеше мың юань тұруы мүмкін.
Камералар бәрін тіркейді
Қорыта айтқанда, кең таралған мифтерге қарамастан, шетелдік нөмірі бар көліктер назардан тыс қалмайды - камералар оларды тіркейді, ал айыппұлдар ешқайда жоғалмайды. Сонымен қатар елден шығу кезінде мұндай бұзушылықтар нақты шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.
Сонымен қатар, шетелдік нөмірлер жүргізушілерге ешқандай басымдық бермейді және көбінесе құқықтық әрі қаржылық қосымша тәуекелдермен байланысты болады. Шын мәнінде, бұл ережені айналып өтудің жолы емес, уақытша шара немесе елге кірудің өзіндік ерекшелігі ғана.
Осылайша, автокөліктің қай елде тіркелгеніне қарамастан, Қазақстан жолдарындағы ережелер барлығына ортақ.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net