Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа форматы енгізілді

0
Алматыда жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа форматы енгізілген. Осы арқылы, бес күн ішінде 10 мыңға жуық құқық бұзушлық анықталған, деп хабарлайды Tengri Auto қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жүйе қалай жұмыс істейді?
Түнде негізгі магистральдарда "бөтелке мойны" принципі бойынша жолдың жүру бөлігін уақытша тарылтатын арнайы учаскелер құрылады.
Полиция мәліметінше, бұл көлік ағынын баяулатуға және жүргізушілерді, соның ішінде көлікті мас күйде басқару дерегіне іріктеп тексеруге мүмкіндік береді.

"Осындай бекеттердің бірі өткен демалыс күндері Шығыс айналма автожолында (ШААЖ) жұмыс істеді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері орнатылды: жылдамдықты сағатына 40-60 шақырымға дейін шектеу, кедергіні айналып өтуді белгілеу және жолдың тарылатыны туралы ескерту", - деді полициядағылар.

Мұндай схема әлемде кеңінен қолданылады және жол чекпойнттары немесе sobriety checkpoints (мас жүргізушілерді тексеру бекеттері) форматы ретінде танымал. Оның мәні - автокөліктердің барлығын немесе белгілі бір алгоритм бойынша, мысалы, әрбір екінші немесе үшінші көлікті тоқтатуда. Бұл субъективтілікті азайтып, тексерулерді жүйелі етеді.


"Сүзгілеу бекеттері - жол-көлік оқиғаларының алдын алудың заманауи әрі тиімді әдістерінің бірі. Жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту ағын жылдамдығын төмендетеді және апаттық жағдай туғызбай-ақ жүргізушілерді бақылауға мүмкіндік береді. Көлікті мас күйінде басқару деректерін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді - бұл ауыр жол апаттарының басты себептерінің бірі. Нақты нәтижелер де бар: бірнеше күн ішінде ондаған мас жүргізуші ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады", - деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Халықаралық тәжірибе
Еуропа елдерінде мұндай рейдтер ең алдымен мас жүргізушілерді анықтау үшін қолданылады және тиімді алдын алу шарасы болып саналады. Зерттеулер көрсеткендей, жолдардағы тұрақты тексерулер бақылаудың әсерінен апаттар мен заңбұзушылықтар санын азайтады.
Техникалық тұрғыда схема былай көрінеді: жол конустар немесе уақытша қоршаулармен тарылтылады, көліктер "бір ағынмен" баяу қозғалады, ал полиция қызметкерлері жүргізушілерді кезекпен тексереді. Бұл ретте, егер күдік тудырмаса, автокөлік жүргізушілерінің көбі небәрі бірнеше секундқа ғана бөгеледі.
Мұндай шаралардың басты міндеті - жаппай айыппұл салу емес, тұрақты бақылау сезімін қалыптастыру. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дәл осы жағдай жүргізушілерді тәртіпке бағындырып, жолдардағы қауіпті маневрлер мен ереже бұзушылықтар санын азайтады.
Рейдтердің қорытындысы
Айта кетейік, осы аптада Алматы қаласы мен облысында ауқымды тексерулер жүріп жатыр. "СТОП-бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күнінде Алматыда 9820 құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында көлікті мас күйінде басқарудың 43 дерегі, құжаты жоқ 78 жүргізуші және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған тағы 12 адам бар. Сондай-ақ жалған мемлекеттік нөмір пайдаланудың 14 дерегі және қарсы бағытқа шығудың 36 жағдайы тіркелді.
3 666 автокөлік айыппұл тұрағына жөнелтілді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net