Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Перизат Қайраттың қымбат Mercedes көлігі мемлекеттік органдарға берілді

0

Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S 450 мемлекет меншігіне өтті. Мұндай ақпарат электрондық сауда порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

7 сәуірде электрондық саудада сотталған Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 автокөлігі мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені туралы ақпарат пайда болды.

"Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және бекіту. Сауда-саттық мәртебесі: Өтті", - делінген порталдағы хабарландыруда.

Әңгіме 777KPK01 мемлекеттік нөмірі бар, 2024 жылы шыққан қара түсті көлік туралы болып отыр. Құжаттамаға сәйкес, автокөліктің аккумуляторы отырып қалған, сондықтан оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін болмады. Көлікпен бірге Pandora дабылы бар кілт беріледі.

sauda.e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Көліктің іші ақ былғарымен қапталған.

sauda.e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Көліктің бағалау құны шамамен 79,4 миллион теңге болады. Сондай-ақ автокөлікке тыйым салу түрінде шектеу қойылғаны атап өтілген.

Қайраттан тағы не тәркіленді?

2025 жылдың қыркүйегінде Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктің аукционға шығарылатынын хабарлады.

Бұл жерде активтердің үлкен жиынтығы туралы сөз болып отыр: Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен тұрақ орындары.

Сондай-ақ 2024 жылы шыққан Mercedes-Benz S450 көлігін қоса алғанда, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE и Haval H6 GT секілді қымбат автокөліктер тәркіленген. Одан бөлек гүл кәсібіндегі 100 пайыздық үлесі мен қолма-қол 22 мың АҚШ доллары мемлекетке берілген.

Тәркіленген заттардың арасында брендтік бұйымдар да бар: әлемге әйгілі маркалардың күннен қорғайтын көзілдіріктері, аяқ киімдері мен аксессуарлары.

Перизат Қайрат ісі

Перизат Қайрат — қазақстандық қоғам қайраткері және кәсіпкер. Үш жыл бойы ол Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.

2024 жылдың қарашасында Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны айтылды. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Қайраттың жеке шығындарына - элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.

Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде өткен.

2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жойылды.

16 шілдеде іс бойынша жәбірленушілер сотқа әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтты. Сондай-ақ сотта тергеу амалдары барысында тәркіленген мүліктің тізімі оқылды.

Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net