Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақмола облысында су тасқыны кезінде ер адам жоғалып кетті - оны сүңгуірлер іздестіріп жатыр

0

Ақмола облысындағы Ескі Қалқұтан ауылы өзеннің тасуы салдарынан оқшауланып қалды. Су тасқыны кезінде елді мекенде бір тұрғын жоғалып кеткен. Жағдайға қатысты өңірлік полиция мен ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауылдағы жағдай
Алаңдатарлық хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды.
Тұрғындардың айтуынша, су тасқынына байланысты елді мекен оқшауланып қалған. Өткелдің жоқтығы мен жолдың нашарлығы халықтың жұмысқа барып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуына кедергі болып тұр.

"Өткел мен кірме жол мүлдем жоқ. Адамдар жұмысқа уақытылы жете алмайды, сондай-ақ азық-түлік пен өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекті сатып алуда үлкен қиындыққа тап болып отыр", - деп жазды ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде.

Тұрғынның жоғалуы
Су тасқыны кезінде бір ер адамның жоғалғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол таңертең ерте жұмыс ауысымына кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.
Ақмола облыстық Полиция департаменті іздестіру шараларының барысы туралы ақпарат берді.

"Азаматтың хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның үйінен шығып, жоғалып кеткені анықталды. Полицияға оның ағасы арызданған. Жоғалған адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған іздестіру шаралары ұйымдастырылды", - деп түсіндірді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жоғалған адамды іздеуге катерлермен жұмыс істейтін екі сүңгуірлер тобы жұмылдырылғанын хабарлады.
Неге ауылдағы өзенде өткел жоқ?
Сондай-ақ ТЖД еріген қар суының көп мөлшерде келуіне байланысты ауылдың оқшауланғанын растады. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында өткелдің әдейі ашылмай отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында өткел жүзеге асырылмайды. Төтенше жағдай туындай қалса құтқарушылар толық дайындықта отыр. Елді мекеннің географиялық орналасуына байланысты мұндай жағдай жыл сайын қайталанады", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Тұрғындардың шағымына қарамастан, ведомство ауылға азық-түлік қоры жеткізілгенін және фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысы қамтамасыз етілгенін қосымша хабарлады. Олардың мәліметінше, қазір Ескі Қалқұтанда құтқарушылар, полицейлер және әкімдік өкілдері кезекшілік етіп жатыр.
Әкімдік не дейді?
Ақмола облысы әкімдігі қазіргі уақытта ауылда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады. Ведомство ескі қалқұтандағы 219 үйде 501 адам тұратынын нақтылады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының арасында жедел эвакуациялауды қажет ететін адамдар, ауыр науқастар немесе жүкті әйелдер жоқ.

"Ауылда азық-түлік, жанар-жағармай мен басқа да қажетті тауарлардың жеткілікті қоры бар. Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының екі бригадасы кезекшілік етіп жатыр, қажет болған жағдайда халықты шұғыл эвакуациялау жүргізіледі", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ билік мәліметіне сәйкес, 6 сәуірдегі жағдай бойынша елді мекендегі тұрғын үйлерді су басқан жоқ.

"Ескі Қалқұтан ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту үшін, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және жолдың үстінен су жайылуын болдырмау мақсатында ауылға кіреберіс жолдағы төсем автогрейдермен аршылды. Су жайылған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін блокпостар қойылды", - деп толықтырды жергілікті атқарушы орган өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы не дейді?
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек оқиға орнында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Жүкті әйелдер мен жағдайы ауыр пациенттер алдын ала эвакуацияланды. Ауылда бір жасқа дейінгі алты бала, оның ішінде бір айға толмаған бір сәби бар, олардың барлығы бақылауда", - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Басқарма өкілдері сонымен қатар ауыр сырқаты бар 10-ға жуық пациентті, оның ішінде инсульт алған және аяқ-қолы ампутацияланған адамдарды ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтты. Олардың кейбіреуі аудандық аурухана мен басқа да мекемелерге ауыстырылған.

"Бүгінгі жағдай бойынша ауылда зардап шеккендер жоқ", - деп толықтырды денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Бұған дейін Ақмола облысындағы Макинск қаласы көшелерін су басқаны хабарланған болатын. Су тасқыны салдарын жоюға жүзден астам құтқарушы жұмылдырылды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net