Алдар көсе мен шайтан
Бар екен, жоқ екен. Ерте заманда бір Алдар көсе деген қу болған екен. Оның кәсібі әркімді алдау болған екен. Ей, ата, мен алдасам, Болса да жын-шайтан арбасам. Жұрт істейтін кәсіп көп, Алдауды мен кәсіп қылсам, – деп сурап атасынан бата алған екен. Күндерде бір күн сол Алдар көсе шайтанмен бірге бір ұзақ сапарға шығыпты. Ай жүріпті, жыл жүріпті. Бір кезде екеуі де шаршапты. Сонан сод Алдар көсе айтыпты:
— Бұлай екеуіміз бірдей жаяу жүрмейік, бірімізге біріміз кезек мініп жүрелік депті. Шайтан мұны қостайды:
— Мұның ақыл-ақ екен. Солай істелік. Бірақ жол қайсымыздікі, қайсымыз бұрын мінеміз, әуелі соған келісіп алайық дейік:...
