Ерте заманда Парсы қалаларының бірінде кедей тігінші өмір сүріпті. Оның әйелі мен Аладдин деген ұлы болыпты. Бір күні тігінші ауырып, қайтыс болады. Әйелі ұлымен жесір қалады. Бірде базарға ақша табу үшін бара жатқан Аладдинге бір бөгде көпес жолығып, «Сен Хасанның ұлысың ба?» деп сұрайды. «Иә» дейді Аладдин. Аладдинді құшақтап, жылап, Хасан оның ағасы еке нін, сапарда жүргенде өліп қалғанына қатты қайғырып отырғанын айтады. Аладдин анасына келіп болған оқиғаны түгел баяндап береді. Анасы бұған қатты таң қалады. Ол өмірінде күйеуінің інісі бар екенін білмейтін. Келесі күні көпес көптеген сыйлықтар алып, Аладдиннің үйіне келеді. Оның қайғырып қатты жылағаны соншалық, Аладдиннің анасы оны,...