Добавить новость
123ru.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Біреуге ыстық, біреуге суық. Жылу қандай жағдайда өшіріледі?

0

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қазақстандықтардың пәтердің ыстық болуы мен жылудың кеш өшірілуіне қатысты шағымдарына пікір білдірді. Оған бүгін үкіметте өткен брифингте осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунік жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім бекітілген нормалар негізінде, яғни бірнеше күн қатарынан белгілі бір орташа тәуліктік температура орнаған кезде қабылданатынын еске салды. Осыдан кейін ғана әкімдіктер жылуды өшіру туралы шешім шығарады.

"Біреуге ыстық, біреуге суық. Сондықтан бұл ережелерді сақтау керек", - деді Есімханов.

Ол қолданыстағы ережелерді қайта қарау мәселесі пікірталас тудыратынын, себебі жылуды ерте өшіру тоңатын тұрғындардың шағымына себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Егер біз, мысалы, жылуды ертерек өшіре бастасақ, халықтың бір бөлігі суық деп шағымданады. Сондықтан стандарттар бар, әзірге оларды қайта қараудың қажеті жоқ деп есептейміз", - деді вице-министр.

Есімханов бүгінде көптеген үйде жалпыүйлік есептеу құралдары мен автоматты жылу пункттері орнатылғандықтан, тұрғындар жылу тұтынуды өз бетінше реттей алатынын айтты. Тұтыну азайған кезде жылу үшін есептелетін төлем де кемиді.

"Егер үй жылуды тұтынғысы келмесе, оны өшіріп тастауға болады, сонда есептеу құралы бойынша ешқандай төлем жүрмейді", - деп түсіндірді ол.

Мән-жайы
Бұған дейін Астана әкімдігі жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім күн тұрақты жылынған кезде қабылданатынын хабарлаған болатын.
Бекітілген ережелерге сәйкес, бес күн қатарынан орташа тәуліктік температура +10 градус және одан жоғары болған жағдайда жылу өшіріледі.
Сәуірдің басында күндізгі температура 16–20 градусқа дейін жылынғанына қарамастан, синоптиктер жел, жауын-шашын және күннің қайта суытуы мүмкін екенін ескерткен. Осылайша, түпкілікті шешім бір күндік жылы ауа райына емес, тұрақты температураға байланысты қабылданады.
Ал Алматыда жылу беру маусымы аяқталып жатыр. 3 сәуірден қалада жылуды кезең-кезеңімен өшіру басталды - бұл шешім орташа тәуліктік температура бірнеше тәулік бойы +8 градустан асқан соң қабылданды.
Өшіру жұмыстары біртіндеп жүргізіледі: алдымен әкімшілік ғимараттар, содан кейін тұрғын үйлер, ал ең соңында әлеуметтік нысандар өшіріледі.
Осылайша, қалаларда тәсіл әртүрлі болғанымен, екі жағдайда да шешуші фактор қысқа мерзімді жылыну емес, тұрақты орташа тәуліктік температура болып қала береді.
Ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытып, қар жауатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түседі, дауыл тұрады. Сондай-ақ жел күшейіп, таңертең және түнде тұман түседі деп болжанып отыр.
Елдің шығысында айтарлықтай жауын-шашын болмайды.
Солтүстік пен солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы күндіз 3–15 градус жылыға дейін төмендейді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net