Берекелі Наурыз – ауыл көркі
Ауыл шетінде тігілген киіз үйлер, қазаннан бұрқыраған наурыз көженің иісі және алтыбақан тепкен қыздардың сыңғырлаған күлкісі. 22 наурыз біздің ауылда жай ғана мереке емес, татулық пен берекенің бастауы. Биылғы мерекенің ең берекелі сәті - әр көшенің өз атынан наурыз көже дайындап, ауыл тұрғындарына ұсынуы болды. Көршілердің бір-біріне деген “Наурыз мейрамы құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!” деген ақ тілектері адамдардың жүзіне қуаныш сыйлады. Ауылдың айбынды жастары да бұл күні қалыс қалмады, бірі гір тасын көтеріп күш сынаса, енді бірі асық ату мен қол күресте ептілігін көрсетті. Алайда, мерекенің нағыз қызған сәті — арқан тартыс пен бәйге басталғанда сезілді.
Арқан тартыс ойыны кезінде жанкүйерлердің “Тартыңдар!”, “...
